МТРА жаңалықтары

Кәсіпкерлерге қолдау көрсетілуде

Лейла Сайдашева- «ViZaVi Company» ЖШС бас директоры:

– Біз мұны негізсіз деп тауып кәсіпкерлер палатасына кеңес алуға келдік. Өйткені бұған дейін бізде еқшандай проблема болмайтын. Олардың ойынша, бізде кәріздік құбырлар арқылы ағатын суда түрлі концентраттар деңгейі көп. Қазір палатаның жұмыс жүргізуінің арқасында міне мәселеміз оң шешіліп келеді.

Әрине, қаланы сумен қамтушы кәсіпорынды да кінәлауға болмайды. Қателік кондитер өнімдерін дайындайтын серіктестікте де бар. Олардың суды тазартуға арналған құрылғылары болмай шыққан.

Асқар Махмет- СҚО кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы:

 


–  «Қызылжар су» ЖШС ағын суларды тазартуға қатысты қосымша есеп шот жіберген. Онда кондитер фабрикасынан суға түсетін концентраттар көрсеткіші шамадан тыс болып, оны үнемі «Қызылжар су» серіктестігі тазартып отырған. Сондықтан көрсетілген қызмет үшін олар ақыны жарты млн-нан бірнеше млн теңгеге дейін жеткізген. Біз мәселенің оң шешілуіне ықпалдастық. Сумен қамтушы кәсіпорын соттан өз арызын алды, ал «Визави» компани серіктестігі 2016 жылдың соңына дейін суды тазарту құрылғысын орнату қажеттігі жөнінде кепілдік хат жіберді. Ал егер құралды уақытылы орнатпаса, көрсетілген соманы төлейтін болады.

Жалпы жыл басталғалы кәсіпкерлер палатасына 2 мыңнан астам бизнес субъектісі өз шағымымен келген. Олардың 700-ден астамы құқықтық мәселеге қатысты болған.

Магжан Ахмадина