Спорт

Жерлес велосипедші Никита Кабачек жасөспірімдер арасында ҚР чемпионы атағын сақтап қалды

Никита Кабачек, велосипед спорты бойынша Қазақстанның 2 дүркін чемпионы:

– Жарыс оңай болды деп айта алмаймын. 50-ден астам велосипедші ені 1 метр ғана болатын жолақта жарысты. Маған Талдықорған қаласының спортшысы үлкен бәсеке туызды. Алайда мен одан айламды асырып, ұтымды сәтте шаң қаптырдым.

Никита бірінші кезекте жеңіске бапкерінің арқасынды жеткендігін айтады. Никита Кабачекты Андрей Ширкалов 9 жыл бойы жаттықтырыпты.

Андрей Ширкалов, жаттықтырушы:

– Мен Никита Кабачектен үлкен үміт күтемін. Ол тынбай жаттығады. Биыл ел чемпионы атағын қорғап қалды. Бапкер ретінде бұл мен үшін үлкен жетістік.

Бұл күні жерлесімізде толағай жеңісімен велосипед спортының ардагері Валентина Жигульская арнайы келіп құттықтады.

Никита Кабачек бұл жетістігіне тоқмейілсімей алдыңғы жылы болатын жарыстарға дайындықты бастап кетті.

Берик Касен