МТРА жаңалықтары

“С.М. Киров атындағы зауыт” АҚ жатақханасында 20 бөлме жөнделіп, жұмысшыларға тапсырылды

Екатерина Демьяненко, “С.М. Киров атындағы зауыт” АҚ монтаждаушысы:

– Зауыт әкімшілігіне алғысымды білдіремін. Не де болса баспана мәселесі шешілді.
Қазір жұбайым екеуіміз бөлмені біртіндеп жайғастырып жатырмыз. Жиһаз сатып аламыз. Қабырғаларға түсқағаздар жапсырамыз. Мұндағы көрші бөлмедегілер менің әріптестерім, олармен жақсы араласамын. Алда мерекелерді, жаңа жылды бірге тойлайтын болдық.

Екатерина Демьяненко мен жұбайынан бөлек осында тағы 20 жанұя қоныстанды. Олар енді отбасылық бюджетін үнемдеп жұмсай алады. Тұрғын-жайлары жұмыстың жанында, бұрынғыдай жолға артық шығындалмайды. Оған қоса айына төлейтін
коммуналдық төлемдері де жоғары емес. Небары 15 мың теңге төлейді.

Людмила Воропаева, “С.М. Киров атындағы зауыт” АҚ кәсіподақ комитетінің төрайымы:

 

– Мұндағы 20 бөлмені әсіресе баспанаға мұқтаж жас кадрлар мен жанұяларға тапсырдық. Әр бөлменің амағы 15 – 25 шаршы метрді құрайды. Бәріне ортақ ас үй, кір жуатын бөлме бар. Жатақхананың 3-қабатындағы бұл секция бұрындары өндірістік цех болған. 90-шы жылдардан бері күрделі жөндеу көрмеген тұрғын-жай кәсіпорын қаражаты есебінен қалыпқа келтірілді. Алда жатақханадағы өзге секцияларды жөндеп қазіргі бар 80 бөлменің санын 120-ға жеткізу ойымызда бар.

Зауыт жатақханасында жылда 4-5 бөлмеден босайды. Онда тұрғандар біраз жылдар бойы Қазақстан тұрғын үй жинақ банкінде қажетті қаражат жинап, жеке баспаналарына қол жеткізіпті.

Берик Касен