МТРА жаңалықтары

“ЭКСПО-2017” халықаралық көрмесіне ерікті ретінде қатысуға тілек білдірген солтүстікқазақстандық жастар іріктелуде

Осы ретте әлемнің жер-жерінен ағылатын шетелдік қонақтар мен саяхатшыларды көрмемен таныстыру – ерікті жастарға жүктеліп отыр. Шарға аз да болса өз үлесін қосуға Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжінің 3-ші курс студенті Дарина Башенова да тілек білдірген.

Дарина Башенова – М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж студенті:

 

– Мен үшін “ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысу зор мәртебе. Оған қоса менің ерікті ретінде жинақтаған тәжірибем де бар. Өзім болашақ ағылшын тілі пәнінің мұғалімімін.

“ЭКСПО-2017” халықаралық көрмесінде ерікті ретінде қызмет етуге солтүстікқазақстандық жастардан көптеп өтініш келіп түсуде. Осы күнге дейін 150 студент маңызды шараға қатысуға тілек білдіріпті.

Евгений Глотов – облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының жетекшісі:

– Біздің облыстан көрмеге ерікті ретінде 100 студент жіберілетін болады. Үміткерлерге қоятын бірнеше талаптарымыз бар. Бастысы ниет танытқан жастар ағылшын тілінде еркін сөйлей алулары қажет. Сыннан сүрінбей өткендері Астана қаласындағы көрмеде әлем елдерінен келетін саяхатшылармен тілдеседі. Әзірге, өтініштерді қабылдап жатырмыз.

Айту керек, іріктеуден мүдірмей өткен жастар келер жылдан бастап арнайы курстардан өтетін болады.

 

Бакыт Садуакасов