МТРА жаңалықтары

Болашақ бағдары-кәсіби мемлекеттік аппарат құру

Елена Степаненко- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің бөлім басшысы:

– Ең алдымен үміткердің заңнаманы білуіне талап қойылады. Яғни тестілеуден өтеді. Екінші кезеңде арнайы комиссиямен сұхбаттасуы керек. Кейін қалаған лауазымына лайықты екенін дәлелдеуі тиіс. Құжатта тағы бір қызметтен екіншісіне ауысу мәселесі де жеңілдетілмек.

Ең бастысы, мемлекеттік қызметкерлерге жалақы факторлы-баллдық шкала бойынша төленетін болады. Яғни оның жауапкершілігі, тәжірибесі, арнайы білімі мен байланыс деңгейлері, жұмысының қиындығы, қабылдаған шешімдерінің салдары секілді 8 фактор ескеріліп, еңбекақы тағайындалады. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметтің мансаптық модельге көшу аясында жұмысқа алғашқы рет қабылданушылар өздерінің кәсіби қызметтерін тек төменгі қызметтерден бастайды. Мұндай жаңашылдықтардың пайдасы зор болмақ дейді жиынға қатысушаылар.

Мадияр Қожахмет- СҚО әкімі аппаратының жетекшісі:

 


–  Бұл заңға сәйкес көптеген нәрсе өзгереді деп ойлаймын. Біріншіден мемлекетттік қызметкерлердің статусы көтеріледі. Бұл мемлекеттік қызметке алу процедураларын жетілдіруге мүмкіндік береді Өйткені бұл мәселе бүгінгі таңда өзекті болып отыр. Өйткені СҚО аппараты аясында аудандық, ауылдық деңгейлерде көптеген мәселелер туындап отыр. Тест тапсыру, дайындау бойынша көптеген ұсыныстар бар деп ойлаймын.

Жалпы бүгіндері облыста 500-ден астам мемлекеттік орган болса, оларда 5013 адам еңбек етеді.

Магжан Ахмадина