Аптадағы маңызды жаңалықтар

“Алтын сапа” сыйлығын иеленуге СҚО-нан 8 кәсіпорын өтініш берді

Бұл қазақстандықтар үшін айтулы оқиға болатын. Себебі, тұрғындардың көбі жоғары сападағы сандық телевизияға қол жеткізіп, ұлттық арналарды тамашалуға кең мүмкіндік алды. Ресми мәлімет бойынша осы күні “OTAU TV” ұлттық жерсеріктік телерадиохабар тарату жүйесіне 470 мың қазақстандық отбасы қосылған.

Евгений Белоусов, “С.М.Киров атындағы зауыт” АҚ бас инженері:

– “Казтелерадио” АҚ-ның тапсырысы бойынша қазір барлық облыс орталықтарында сандық телевизияға арналған станциялар орнатылды. Қазір елді мекендерде құрастырылуы үстінде. 2016 жылдан бастап сандық жерсеріктік қабылдағышқа сұраныс артады деген сенімдеміз. Өйткені, еліміз жаппай сандық жүйеге көше бастайды. Қазір заман талабына сай біз де қабылдағыштарды жетілдіріп жатырмыз.

Зауыттағылар өнімнің сапасына жіті мән береді. Конвейерлік желіде құрастырылған аппарат бірнеше маманның тексерісінен өткен соң жаппай сатылымға шығарылады. Мұндағылар қабылдағыштың ақаусыз жұмыс істеп тұруына 1 жыл кепілдік береді.

Евгений Белоусов, “С.М.Киров атындағы зауыт” АҚ бас инженері:


– Конвейерде 35 адам еңбек етеді. Күніне мың-мың жарым қабылдағыш құрастырып шығарамыз. Ұсақ саймандардың 70 пайызын Ресейден алдыртамыз. Алдағы уақытта негізгі бөлшектерді зауыт қабырғасында жасауды жоспарлап отырмыз.

Соңғы 5 жыл көлемінде Киров атындағы зауыт өңірімізде үздік кәсіпорындардың қатарынан көрініп жүр. Бұл жолы Елбасының “Алтын сапа” сыйлығын иеленуге үмітті. Жалпы аталмыш байқауға қатысуға өңірімізде 8 кәсіпорын өтініш беріпті.

Берик Касен