Спорт

Петропавлда грек-рим күресінен халықаралық турнир өтті

Осыдан соң бозкілем шеберлерінің алғашқы кездесулері басталды. Жас шамалары мен салмақ дәрежелеріне қарай белдескен палуандар көрермендерге тартысқа толы күрес ұсынды. Әсіресе 53 келідегі жерлесіміз Диас Балапанмен Қостанайлық қарсыласы арасындағы бәсеке тіптен қызық болды. Бастапқыда қонақ спортшы ұпай санымен суырылып алға шықты. Алайда, кездесу соңына қарай осалдық танытып уысындағы олжадан айырылып қалды. Осылайша екі периодттың қорытындысы бойынша Диас турнирдағы бірінші жеңісіне қол жеткізді.

Диас Балапан – жарысқа қатысушы, Есіл ауданы:


– Қарсыласым мықты болды. Оның артына шығып өзімнің әдісімді істедім. Осылайша жеңіске жеттім.

Дәстүрлі жарысқа биыл 200-ден аса жасөспірім қатысуда. Олар 14 салмақ дәрежесінде күш сынасты. Споршылардың араларында еліміздің бірқатар облыстары мен Ресей, Украина елдерінің палуандары бар.

Ғалым Өркешов – күрестен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры:

– Халыаралық турнир осымен бесінші рет өткізіліп отыр. Оған 10 жаспен 14 жас аралығындағы палуандар қатысып отыр. Бұл жарыс жылда жылад өтеді.

Екі күнге созылған дүбірлі дода қорытындысы бойынша солтүстікқазақстандық споршылар жекелей сында алдарына жан салмады. Турнирде 7 бірдей палуан алтыннан алқа тағынса, 7-еуі күмісті олжалады. Ал, 12 жерлесіміз жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

 

Култанов Байболат