МТРА жаңалықтары

Петропавлда 10 жастан асқан қыздарға арналған жексенбілік мектеп ашылды

Евгений Самудинов, «Baby town» орталығының жетекшісі:

– Бізде қазақ, ағылшын тілдері оқытылады. Бүлдіршіндермен логопед жұмыс істейді, сондай-ақ олар огоритмика, фитнес және йогамен айналысады. Орталыққа ата-аналар балаларын таңертеңгі 9-дан кешкі жетіге дейін сеніп тапсырып кете алады.

“Бэби таун” балалар орталығында негізінен 7 жасқа дейінгі балғындар тәрбиеленеді. Ал бүгін, мұнда жасөспірімдерге арналған жаңа жоба ашылып отыр. Ол – “Жас ханым” аталған жексенбілік академия. Жоба барысында 10 жастан асқан қыздар – иогамен шұғылданып, әртістік шеберліктерін дамытып, аспаздықты меңгермек.

Наталья Петрова, «Baby town» орталығының әртістік және ораторлық шеберліктен оқытушысы:

– Менің жұмысым – кішкендай қыздардың бойына қызға тән мінез-құлық пен сахна мәдениетін сіңіру. Әр нәзікжанды кез-келген жерде тартымды, сүйкімді болуы тиіс. Сондықтан өзгелермен тез тіл табыса білуі керек. Қыздар мұның бәрін біздің мектебімізден үйренеді.

Лиана Долганова болашақта таланты мен атағы дүйім жұртқа әйгіленген әртіс болуды армандайды. Сондықтан “Жас ханым” жобасына қатысып, өнер адамына қажет алғышарттарды үйренуді жөн санаған.

Лиана Долганова:

– Қыз баланың білімді, тартымды, талантты болғаны жақсы. Аталғандардың барлығы нәзікжандының бойынан табылса, оған еліктейтіндер, қызығатындар көп болады. Мен бұл жерге тамақ әзірлеудің құпияларын меңгеріп, иогамен айналысу үшін келдім.

Енді қыздар “жас ханым” академиясына әр жексенбі сайын келіп тұратын болады.

Райхан Ілиясова, «Жас ханым» жексенбілік академиясы» жобасының жетекшісі:

– «Жас ханым» жобасы – жаңашылықтарды меңгеріп, жаңа құрбылар табуға деген үлкен мүмкіндік. Біздің курстарға 10 жастан асқан қыздар қатысады. 1 жылдан кейін оларға арнайы сертификаттар табысталады.

Бүгінгі күні қызуғушылық танытып, «Жас ханым» жобасына қатысып жатқан 7 қыз ғана. Қабылдау әлі де жалғасуда.

Бакыт Садуакасов