Спорт

Өңірде “Мен чемпион” жобасына іріктеу жалғасуда

Владимир Добрынин – «БЭСТ» гимназиясының дене шынықтыру мұғалімі:

– Негізі бүгінгі сайысымыз қызықты өтетініне сенімдімін. 7 турдан тұратын ойынға 7-сынып оқушылары қатысуда. Олардың жастарына сәйкес эстафеталар таңдалды. Сәл қиындау болатыны – туннельден өту мен арқан тарту сайысы шығар. Дегенмен жеңіске тек мықтылар жетеді.

Ал дәл қазір ойыншылар арасында ең жылдам құрама анықталмақ. Сайыскерлер қолындағы затты тез арада қасындағы көршісіне беру керек. Бұл сында «БЭМС» командасы алға шықты.
Ал келесі жарыс «боулинг» деп аталады. Ол капитандар арасында өтті. Бұнда тағы «БЭМС» құрамасының жетекшісі үздік атанды. Бірақ, өзге командалардың да чемпион атануға үміттері зор.

Сердар Картал – «Дикие белки» командасының мүшесі:

– Барлық командалар мықты дайындалыпты. Бірақ, біз соған қарамастан бар күшімізді салып, тырысып жатырмыз. Ойыншыларға сәттілік, ал өз командама жеңіс тілеймін. Чемпион атағын біз иеленетініміз анық.

Айту керек, ойыншыларды қолдауға команда жанкүйерлері де келіпті. Олар сүйікті құрамалары жеңетініне сенімді.

– «Жабайы тиіндер» құрамасының жанкүйерімін. Олар өте көңілді әрі жылдам топ. Сол себепті олар жеңіске жетеді.

– Бұл ойында «Феникс құсы» командасы чемпион атанатынына сенімдімін. Өйткені, олар өзге құрамаға қарағанда мықты.

– «БЭМС»-тің жанкүйерімін. Бұл құрама бірнеше жарыста жеңді. Сол себепті чемпион атағын олар иелену керек деп ойлаймын.

–  Жалпы сайысқа түскелі тұрған барлық құрамалар жеңістен мүдделі. Бұл жарысқа ойыншыларымыз мықты дайындықпен келіпті. Ал дәл қазір шешуші сәт – арқан тартыс.

Эстафетаның бұл түрінде екі команда үздік атанып, құрамаларына ұпай жинады. Жарыс қорытындысы бойынша үздік үштікті «БЭМС», ал жүлделі екінші орынға «Жабайы тиіндер» тұрақтады. Чемпион атағын 17 ұпаймен «Феникс құсы» құрамасы иеленді. Облыстық кезеңде енді “БЭСТ” гимназиясының намысын 7В сынып оқушылары қорғайды.

Айгерим Ержанова