МТРА жаңалықтары

8 қараша – Статистика күні

Осыдан-ақ, бұл сала қызметкерлеріне артылған міндеттің ауқымды екендігін көруге болады. Өндіріс, әлеуметтік-демографиялық және қаржылық көрсеткіштер туралы есептік ақпараттарды залда отырған осы жандар жасайды. Сол арқылы күллі ел дамуының бағыт-бағдарын айқындау мүмкіндігі туады. Міне, осындай маңызды істі арқалаған солтүстікқазақстандықтарды облыс әкімінің атынан бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров құттықтап, саланың жыл сайын жетіліп келе жатқандығын айтты.

Айдарбек Сапаров – СҚО бірінші орынбасары:

– Ғасырға жуық тарихы бар ұлттық статистика жүйесі бүгінде халықаралық стандарттарға сай жұмыс атқаруда. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары бұл сала қайта құрылып, жұмысын жетілдіре түскені белгілі. Атап айтқанда, орталықтандырылған «е-статистика» бiрыңғай жүйесiнде ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау және тарату толық автоматтандырылды. Бірлескен «КАЗСТАТ» жобасы аясында 79 жаңа статистикалық әдістеме қабылданды. Аталған игі шаралар нақты мәліметтерге қолжетiмдiлiкті арттыру мақсатында жүзеге асырылуда.

Кейін кәсіби мереке қарсаңында еңбегімен көзге түскен мамандар марапатталды. Әр саланың даму бастауында ардагерлердің тұратыны айтпаса да түсінікті. Сондай жандардың бірі – Алтай Қожахмет. Ол 1993-97 жылдар аралағында статистика департаментінің басшысы қызметін атқарған. Бүгін салаға өлшеусіз үлес қосқан жерлесімізге облыс әкімінің Құрмет грамотасы табысталды.

Алтай Қожахмет – мемлекеттік статистика ардагері:

– Бүгінгі мемлекеттік статистика қызметінің 95 жасқа келуімен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілемһймін. Еңбектеріңіз жансын. Жасай беріңіздер.

Кәсіби мереке қарсаңында мемлекеттік наградалар да өз иелерін тапты. Бұл күні ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің «Статистика үздігі» төсбелгісі 4 солтүстікқазақстандыққа бұйырды. Ғалия Шәріпова – солардың тізімінде. 17 жылын осы салаға арнаған нәзікжанды өз қызметінің жауапты екендігін жақсы біледі.

Ғалия Шәріпова – Уәлиханов ауданы статистика басқармасының басшысы:


–  Біздің сатистика жұмысы жауапкершілігі мол деп ойлаймын. Неге десеңіз, бізге мемлекеттік мекемелер, түрлі кәсіпорындар статистикалық деректер береді. Олар маңызды. Бүгін мен үшін ерекше күн – Статистика қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.

Жалпы бүгіндері өңірімізде аталмыш салада 140-тан астам адам еңбек етеді. Жиын соңында осы маңызды қызметті арқалаған жандарға концерт ұйымдастырылды.

Магжан Ахмадина