Спорт

Солтүстікқазақстандық “VINO 4-EVER” клубының спортшылары халықаралық додаларда жоғары ұпай жинады

Александр Шушемоин, “Vino 4-ever” клубынының капитаны:

– Халықаралық жарыстар маған оңайға соқпады. Мен топтық жарыстарда 200 шақырым жолды жылдамдықты төмендетпей бірқалыпты жүріспен бағындырдым. Қиын сынақтан ойдағыдай өтіп, өзіме тең келер қарсылас жоқ екендігін тағы бір мәрте дәлелдедім.

Биылғы маусымда “Vino 4-ever” клубының спотшылары халықаралық сайыстарға қатысып, 422 ұпай жинады. Соның 186 ұпайы Олег Земляковтың еншісінде. Қазіргі таңда ұпай саны бойынша Қазақстан Азия құрамалары ішінде 2-орынға тұрақтады. Бұл қарқыннан жерлестеріміз таймаса Рио-де-Жанейро-2016 Олимпиадасына 2 лицензия ұтып алу мүмкіндігі бар. Осы күні маңызды сайысқа қатысатын спортшылардың есімі анықталу үстінде.

Олег Земляков, велосипед спортынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері:

 

– Маған артылған жауапкершілікті сезініп, бапкерлерімнің сенімін ақтауға тырысамын. Мен үшін Астана командасы атынан сынға түсу үлкен мәртебе.

Қазір “Astana pro team” кәсіби командасына мүшелік ететін 4 жерлесіміз елдің намысын әлем ареналарында қорғап жүр. Биыл олардың қатарына Олег Земляков қосылды. Велосипед спортнынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері үстіміздегі жылы Франция, Румыния, Болгария елдерінде өткен халықаралық жарыстарда жақсы нәтиже көрсетті.

Берик Касен