Аптадағы маңызды жаңалықтар

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко қаламыздағы бірқатар нысандарда болды

Осыдан соң Вице-министр білім ошағының мұражайында болып әскери жәдігерлерді тамашалады.

Бұдан кейін Владимир Божко Оңтүстік-Орал темір жолы бойында өткен өрт сөндіру қызметкерлерінің апаттық оқу-жаттығуларын бақылады.
Негізгі дайындықтың жоспары мынадай: адамдар мен жүкке толы вагон қызыл жалынға оранады. Құтқарушылар тілсіз жауды уақытында ауыздықтап, бәрін аман алып шығуы тиіс. Тапсырма сәтті орындалды.
Өз кезегінде дәрігерлер де медициналық көмек қажет болғандарға жәрдем берді. Ал санитарлық-эпидемиологиялық сараптама қызметкерлері өрттің шығу себебін анықтауға кірісіп кетті.
Оқу-жаттығулар барысында “Береке” ықшам ауданындағы мына бес қабатты үй де отқа оранады. Баспананың ішінде адамдар бар. Бұл жерде жергілікті төтенше жағдай қызметі өртті сөндіріп, тиісті жұмыс нәтижесін көрсетті. Үйден 4 тұрғын құтқарылып, 20-сы қауіпсіз аймақа көшірілді.

Жасұлан Джумашев – ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары:

– Заманауи техникалардың басымдығы байқалады. Солардың арқасында биік ғимараттарда түтіннің астында қалған тұрғандар дер кезінде құтқарылды. Осыдан-ақ мамандардың сапалы жұмысын байқауға болады. Төтенше жағдай орын алса, міне осылай жылдам әрекет ету қажет.

Владимир Божко “Петропавл жылу желілері” серіктестігінің жұмысымен де танысты. Мұнда Вице-министрге салынған жаңа жылу магистральдары туралы баяндалды. Бұл мақсатқа кәсіпорын биыл 2,5 млрд теңге жұмсаған. Қазір жылу желілерін орнату қала орталығында толығымен аяқталды. Енді бұл жұмыстар келер жылы қаланың шеткі аудандарында жүргізілмек.

Владимир Божко – ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:


– Петропавл жылу желілері” ЖШС директорының баяндамасынан олардың атқарған жұмыстарына көңілім толды. Өйткені, қалада заманауи жылу желілері орнатылуда. Келесі жылы жұмыс толығымен аяқталса тіптен жақсы болар еді.

Осыдан соң Вице-министр кәсіпорын алдында қаз-қатар тізілген құбыр жөндеу техникаларын тамашалады. Кездесу соңында Владимир Божко “Петропавл жылу желілері” серіктестігінің ұжымымен естелік суретке түсті.

 

Култанов Байболат