МТРА жаңалықтары

“Қыс 2015” республикалық командалық-штабтық оқу жаттығу шарасы аяқталды

Жасұлан Джумашев – ҚР ІІМ ТЖК төрағасының орынбасары:


– Табиғаттың тосын мінезіне дайындыққа еліміздегі төтенше жағдайлар комитетіне қарасты барлық департаменттер, апаттық-құтқару қызметтері толық құрамда жұмылдырылып, қысқы уақытта жылдам әрекет етуге даяр екендіктерін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл күндері дайындық жұмыстарына республика бойынша 160 мыңнан астам адам мен 28 мыңдай арнайы мақсаттағы техника тартылды.

Ал, өңірде ұйымдастырлған шараға 2 мыңға жуық маман мен 4 мыңнан астам арнайы техника қатысқан.

Владимир Бубенко – облыс әкімінің орынбасары:

– Қыс 2015″ республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жиындарын жоспарға сай өткізуге құтқарушылар толық жұмылдырылды. Оған тағы қаладағы коммуналдық кәсіпорындар мен арнайы апаттық-құтқару қызметінің мамандары тартылды. 3 күн ішінде жауапты сала қызметкерлері өздеріне жүктелген тапсырмалар мен оқыс оқиғаларға төтеп бере алатындықтарын көрсетті.

Өзге өңірлердегі қықса дайындық жайында облыс әкімдерінің орынбасарлары баяндады. Бірінші кезекте қысы қатты келетін солтүстік, шығыс және орталық аймақтардағы әзірлік барысы тыңдалды.
Селекторлық тәртіпте өткен жиында азаматтық қорғанысты қамтамасыз ететін медициналық қызметтің жұмысы да назарсыз қалмады. Қазіргі таңда ел бойынша 17 санитарлық авиация қиын жағдайға ұшыраған жерлестерімізге күні-түні қызмет етуге даяр. Кездесуді қорытындылаған Владимир Божко қыс мезгілінде төтенше жағдай орын ала қалса ең бастысы, жылдам әрі сапалы әрекет ету қажет деді.

Владимир Божко – ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

– Төтенше жағдайлар комитеті оқу-жаттығу жиындарын жыл сайын өткізіп тұрады. Мұндай іс-шаралар қыс мезгілінде төтенше жағдай орын алғанда жылдам әрекет етуге көмектеседі. Әрі осы жиындар кезінде бүтін бір саланың кем-кетіктері байқалып, олқылықтардың орны толтырылады. Синоптиктердің мәліметінше қыстың алғашқы айы Қазақстанның басым бөлігінде аязды болады деп күтілуде. Сондықтан, ТЖК-не қарасты барлық құтқару қызметтері осындай ауа райы тосын мінез танытқанда күшейтілген режімде қызмет атқарулары тиіс.

Жиын соңында еліміздің бас құтқарушысы биылғы “Қыс 2015” республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларының біздің өңірде тиісті деңгейде ұйымдастырылғаны үшін облыс басшылығына алғысын білдірді.

 

Бакыт Садуакасов