МТРА жаңалықтары

“Дін және этнос” тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Мұхтар Манкеев, облыс әкімінің орынбасары:

– СҚО-сы еліміздегі көпұлтты және көп конфесиялы аймақтардың бірі. Өңір аумағында 170-тен астам діни нысан бар. Оның 70-і мешіт, 31-і православ, 44-і католик шіркеуі және 28 протестанттық құлшылық ету үйі жұмыс істеуде. Аймағымызда билік органдары дін өкілдерімен тығыз жұмыс жасайды.

Жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын мейлінше жиі ұйымдастыру маңызды. Осылайша діни ағымдардың идеологиясына қарсы қоғамдық имунитетті қалыптастыруға болады дейді саясат ғылымдарының кандидаты Ғалым Шойкин.

Ғалым Шойкин, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі дін істері комитетінің төрағасы, Астана қаласы:


–  Конференцияда мамандардың ұсыныс -пікірлерін ескеріп, келешекте жұмысымызды жетілдіреміз.

2 жыл бұрын ғаламтор кеңістігінде “E-Islam” ақпараттық-түсіндіру порталы құрылды. Онда дінтанушылар, теологтар мен психологтар тұрғындарға заң және дін тұрғысында тегін кеңестер береді. Айына аталмыш көмекке 35 мыңнан аса адам жүгінетін көрінеді.

Жалғас Сандыбаев, “E-Islam” ақпараттық-түсіндіру порталының редакторы, философия ғылымдарының кандидаты, Астана қаласы:


– Ақпараттық-ағартушылық порталында дін мамандары, білікті ғалымдар, ЖОО-рының оқытушылары,
сарапшылармен сұхбаттасып, қоғамдағы, жастардың сұрақтарына жауап береміз. Өйткені жастардың басым бөлігі қазір әлеуметтік желілерді пайдаланады.

Осы күні мемлекетімізде тіркелген 8 мың сайттың күмәнді деп саналатын 244 -і жабылды. Интернет желісі арқылы таратылатын 100 бейне материалға тосқауыл қойылды. Террористік, экстремистік ағымдары бар шет елдерден 70 студент атамекенге қайтарылды.

Ұлжалғас Топбасы, студент:

– Бәрі де елдің ішіндегі тыныштық пен бірлікке келіп тіреледі. Бейбітшілік болса жастар жоғары білім алады. Ел экономикасы тұрақты дамиды.

Биыл қазан айында сот шешімімен Қазақстанда ИГИЛ террорлық ұйымына тыйым салынды.

Осы күні аймақтарда құрылған дін істері басқарамаларында диструктивті ағымдардан жәбір көрген не зардап шеккен жандарға қызмет көрсететін 114 қауырт желісі жұмыс істеп тұр. 2 жыл көлемінде оған мыңнан астам азамат жүгініпті.

Кенжетай қажы Дүйсенбай, “Қызылжар” орталық мешітінің бас имамы:

 


– Конференцияда айтылған пікірлер мен баяндамаларды кітапшаларға түсіріп, тұрғындарға тегін таратамыз. Жинаққа жиналысқа белгілі бір себептермен қатыса алмаған ғалымдардың да мақалалары енгізіледі.

Биылдан бастап мектеп, гимназия, колледждер бағдарламасына “Зайырлылық және дінтану негіздері” пәні жаппай енгізілуде. Бұл болашақта ел келешегі жастардың дұрыс тәрбие алып, діни тұрғыдан оң көзқарас қалыптастыруына сеп болмақ. Алдағы уақытта дінтану пәнін жүргізетін мұғалімдер арнайы курстарда білімін шыңдайды. Онымен қоса жетекші 6 университетте “Тарихшы және дінтанушы” мамандығы ашылмақшы.

Берик Касен