МТРА жаңалықтары

Петропавлдағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында ашық есік күні өтті

Оған себеп те бар. Өйткені, қаржы ұйымдары ісін енді бастайын деп жатқан тұрғындарға несие беруден бас тартып жатады. Бүгінгі басқосу осы мәселелерді бірлесе талқылап, шешуге бағытталған, – деді облыс әкімінің орынбасары Мұхтар Манкеев.

Мұхтар Манккев – облыс әкімінің орынбасары:

– Елімізде “Бизнестің жол картасы 2020” бағдарламасына жүгініп, кәсібін өрге домалатып жатқан бизнесмендердің саны артып келеді. Әсіресе, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге екінші деңгейлі банктерден несие рәсімдеу үшін “Даму” қоры тарапынан жобаларға 70 пайызға дейін кепілдік беріледі. Енді кепілдендіру мөлшері 85 пайызға жетті. Дегенмен, кәсібін ашқысы келетін азаматтар бірқатар кедергілерге тап болып жатады. Бүгінгі жиын дәл осы проблеманы шешудегі алғашқы қадам болмақ.

Қаржы ұйымдарының өкілдерімен кездесуге Тайынша ауданынан Камал Исмаилов та келген. Бизнес иесінің “Көкшетау-Петропавл” тас жолы бойында орналасқан қоғамдық тамақтану орны бар. Кәсіпкер бұған дейін “Даму” қорының көмегімен екінші деңгейлі банктен несие рәсімдеуге өтініш білдірген. Алайда, жерлес кәсіпкердің өтінішін банк қанағаттандырмапты.

Камал Исмаилов – “Исмаилов” ЖК директоры, Тайынша ауданы:

– Өткен жылы жеке қаражатыма нысан жанынан қонақүй кешені мен шағын дәмхананың құрылысын бастадым. Қазір қаржы тапшылығынан ғимарат құрылысы уақытша тоқтап тұр. Нысанды толықтай тұрғызуға 20 миллион теңге қажет. Бүгін жолым болып қалар деп өзге банктердің шарттарымен танысуға келіп отырмын.

Бұдан былай кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында банк пен бизнесмендер арасындағы ашық диалог алаңын ай сайын өткізу жоспарлануда.

 

Бакыт Садуакасов