Спорт

Өңірде “Мен чемпион” жобасының іріктеу сындары жалғасуда

Евгений Максимов – №17 ұлттық өркендеу мектеп-кешенінің дене шынықтыру пәні мұғалімі:

– Мен чемпион” жобасында бізде 7 кезең қарастырылған. Барлығы да қиын. Біздің команда өткен маусымда жобаның жеңімпазы атанған. Сол себепті сайыстарды өткендегіден еке есе қиындаттық. Жалпы конкурстарға баскетбол, арқан тартыс, капитандар сайысы және скейтбордпен жүру секілді сындар кіреді.

Сонымен жарыс басталды. Алғашқы сайыс – кедергілерден жүгіріп өту. Бұл сында балалар тапсырмаларды қатесіз орындап, эстафетаны өз әріптесіне тапсыруы қажет. Үш команда да бір-біріне дес берер емес. Алайда, жылдамдықтың арқасында сары жейде киген “Виктория” ойыншылары мәре сызығын бірінші болып кесті.
Ал келесі сайыс – баскетбол. Мұнда бойшаң балалардың мүмкіндігі басымырақ. Сақинаға салынған әр доп бір ұпайға тең. Сол себепті балалар нысанаға дәл тигізуге тырысты. Бірақ, бұл бәрінің бірдей қолынан келген жоқ. Сайыс жеңімпазы – “Олимпиадашылар”.
Жалпы кездесу тартысты өтуде. Жанкүйерлер де өз командаларын қолдап, оларға екінші дем беруде.

Келесі сын барлық командалар үшін оңай болған жоқ. Мұнда ойыншылар белгіленген нүктеге дейін жүгіріп барып, қайтар жолда кедергілерден өтуі қажет.

Барлық көрермендердің назары “Олимпиадашыларда”. Өйткені, “Мен чемпион” жобасының былтырғы жеңімпазы өз қарсыластарынан артта келе жатыр. Дегенмен де намысқа тырысқан Максим Алисиевич соңғы секундтарда өз командасының қоржынына ұпай салды. Бұл сында өзге ойыншылар жеңіліс тапса да алдағы эстафеталарда жеңістен дәмелі.

Сұлтан Маматрайимов – “Виктория” командасының ойыншысы:

– Сайыстар оңай емес. Оның үстіне қарсыластарда мықты. Жеңеміз деген ойдамын.

Дегенмен “Олимпиадашылар” қарсыластарына дес берер емес. Балалар үш сайысты қатарынан ұтып, үздіктер қатарына шықты.

“Мен чемпион” – бұл спорттық ойын. Ал спортта барлығы да мүмкін. Сонымен кездесудің фавориті атанған “Олимпиадашылар” қалған сайыстарда қарсыластарына есе жіберіп, небәрі үшінші орынды қанағат тұтты. Ал соңына дейін таласқан “Виктория” күміс жүлдені иеленсе, ойында сүреңсіз өнер көрсеткен “Стрела” командасы чемпион атанды.

Ислам Бейсенов – “Стрела” командасының капитаны:


–  Қарсыластардың ең мықтысы “Виктория” командасы болды. Балалары денелі, ірі. Олармен сайысу оңай болған жоқ. Дегенмен де біз намысқа тырысып, жеңіске жеттік. Біз оған қуаныштымыз.

Енді мектеп оқушыларының қысқы демалысы уақытында өтетін қалалық іріктеу кезеңінде бұл білім ошағының намысын “Стрела” командасы қорғайтын болады.

Риат Шони