Аптадағы маңызды жаңалықтар

Вице-министр Владимир Божко СҚО ІІД-нің жұмысымен танысты

Владимир Божко, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

-Осы қыста Қазақстанның Солтүстігінде қыс ұзаққа созылады. Биылғы қыста адамдар зардап шекпеуі тиіс. Оқыс оқиға бола қалса ТЖД-нің қызметкерлерімен бірігіп әрекет етіңдер. Қазір өзге аймақтарда мал ұрлығы тиылмай отыр. Осы жағдайды учаскелік инспекторлар үнемі ескеріп жүрсін.

Биыл осы салада көп жылдар бойы қалтқысыз қызмет етіп жүрген 6 офицердің дәрежесі жоғарылап, олар полковник, подполковник атағын алды. Тәртіп сақшыларына шені бар пагонды ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко салтанатты түрде табыстады.

Владимир Божко, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

-Халық арасында тек нашар сарбаз ғана генерал болуды армандамайды деген сөз бар. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Үлкен беделге, атақ-дәрежеге ие болуларыңа тілектеспін.

Кейін вице-министрге облыстық ІІД-нің техника паркі көрсетілді. Биыл өңірімізге жедел әрекет ету топтарына арналған су жаңа 45 техника сатып алынды. Бұдан соң мейман қалалық ІІБ-ның жеке құрамымен кездесіп, дайындықты пысықтап, алдағы жоспарларын айқындады. Кейін ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары бастаған делегация ІІБ-ның жол-патрульдік полиция батальонының кавалериялық бөлімшесінде болды. Онда мейман ипотерапия сеансынан өтіп жүрген мүгедек балғындармен тілдесті. Айта кетейік, бүгінде мұнда 15 қызметтік жылқы бар.

Вице-министр артынша ІІД-нің кинологиялық қызмет орталығының жұмысымен танысты.

Мұндағылар иісшіл иттердің көмегімен жыл басынан 451 қылмыстың бетін ашыпты.

Самат Төлебаев, СҚО ІІД-нің кинологиялық қызмет орталығының бастығы:

 

-Кинологиялық орталықта 19 ит бар. Олардың есірткі, жарылғыш заттарды табуда, қылмыскердің ізіне түсіп, жоғалған адамның мүрдесін іздестіруде көмегі зор.

Бүгінде облыс тұрғындарының қауіпсізідігін 2,5 мыңнан астам тәртіп сақшысы қамтамасыз етеді. Владимир Божко өңір полицейлерінің жұмысына жоғары бағасын берді.

Берик Касен