Спорт

Петропавлда жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан облыс чемпионаты өтті

Болашақта Диана әлем чемпионы болсам деп армандайды.

Диана Мұсайбекова – облыс чемпионатына қатысушы, Петропавл қаласы:

-Осы спорт түрімен айналысқаныма 1 жыл болды. Әлем чемпионатына қатысқан қыздарды көріп мен де ауыр атлетші болғым келді. Ол үшін біз таңертең бір жарым сағат дайындаламыз, ал кешке екі сағат дайындық жүргіземіз.

Облыс чемпионаты өңірімізде жылына екі рет ұйымдастырылады. Қатысушылар саны да артып келеді. Аталмыш жарыс спортшыларымыздың шынығуына зор септігін тигізеді дейді бас жаттықтырушы.

Ерік Әлібаев – облыс бойынша ауыр атлетикадан бас жаттықтырушы:

-Кезекті чемпионатқа 2000-шы 2001-ші жылғы қыз-жігіттер қатысып жатыр. Барлығы жеңімпаз болудан мүдделі. Бәріне сәттілік тілеймін. Айта кетейін бүгінгі сайыста екі атлетке спорт шебіріне үміткер деген атақ беріледі. Бірақ оны жарыс нәтижесі көрсететін болады. Жүлделі орынға ие болғандарға димплом мен ақшалай марапт табысталады.

Спорттық шараға 7 команда қатысты. Оның біреуі облыс орталығынан болса, қалған 6 құрама аудандардан келді. Барлығы 62 атлетші жиналды.

 

 

Айгерим Ержанова