МТРА жаңалықтары

Өңірдегі кәсіпкерлік және туризм салаларының дамуы жайлы сөз етілді

Мұхтар Манкеев – СҚО әкімінің орынбасары:

-Өнеркәсіп саласы экономиканың басым бағыттары екендігі барлығымызға белгілі. Оның өңірлік жалпы ішкі өнімдегі үлесі- 1,7 пайызды құрайды. Бұл салада 569 кәсіпорын жұмыс жасайды. Әлемдегі қаржылық дағдарысқа қарамастан, жыл басынан бері теріскейдің өндіріс орындары 118 млрд теңгенің тауарын шағарған. Ол өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 0,2 пайызды құрап отыр.

Үстіміздегі жылы өңірімізде “Бизнестің жол картасы 2020” бағдарламасын жүзеге асыру үшін ел қазынасынан 2,2 млрд теңге бөлініп, 167 азаматтың өтініші мақұлданған. Мемлекеттік жобаны жүзеге асыру бойынша өңіріміз республикада көш бастап келеді. Кейін журналистер қауымы спикерлерге өз сауалдарын жаудырды.

Руслан Құсайынов – 1 Северный арнасының тілшісі:

-Өңірімізде тоқтап тұрған өндіріс нысандары немесе толық қуатта жұмыс істеймей жатқан кәсіпорындарға қатысты қандай жұмыстар атқарылады? Не атқарылуда? Ол қандай өндіріс нысандары?

Мұхтар Манкеев – СҚО әкімінің орынбасары:

-Қазіргі таңда біздің СҚО 41 жұмыс жасамай тұрған өндіріс бар. Солармен жұмыс жасап жатырмыз. 41 жобаның ішінен 23-і жабылған. 11-і қайтадан ашылып, жаңа жұмыс орындары ашылуда. Солардың бірі «Деметра» компаниясы. Бүгіндері олар жұмыс жасап, адамдарды жұмыспен қамтуда.

Теріскейде туризм саласы соңғы жылдары ғана қарқын алып келе жатқаны барлығымызға белгілі. Сондықтан бұл бағытта жасалып жатқан ауқымды жұмыстарды брифинг барысында айтпай кету мүмкін емес.

Мұхтар Манкеев – СҚО әкімінің орынбасары:

-Туризмді дамытуға арнайы мастер-класс әзірленді. Оған сай 4 басым аудан анықталды. Олар Қызылжар, Айыртау. Есіл және Шал ақын аудандары. Сол жоспарда 6 бағыт бар. Солардың алғашқысы инфрақұрылымды дамыту.

Аталған жоспарға сай тағы ішкі туризмді дамыту мәселелері тұр. Бұдан бөлек, ағымдағы жылы өңірде «Солнечный ВИП» демалыс орны ашылды. Қазір шипажайда 20 марал бар. Алдағы уақытта тағы 30-ын алу жоспарланған. Бүгіндері аймағымызда 4 қонақ үй тұрғызылуда. Тағы облыс орталығында тау шаңғысы базасын салу көзделген.

 

Магжан Ахмадина