Спорт

Мамлют қаласында “Мен чемпионмын” балалар спорттық ойындарының екінші кезеңі өтті

Серік Қанжығалиев – Мамлют аудандық дене шынықтыру дайындығы балалар мен жасөспірімдер клубының директоры:

-Бүгін қала мектептерінің құрамалары жарысқа түспек. Жалпы аудандағы 20 білі ошағының оқушылара 4 топта бақ сынайды.

Айта кеткен жөн, биылғы жылы Мамлют ауданында спорттық сынға ат салысқысы келетін жасөспірімдердің қатары 200-ден асқан. Бұл былтырғымен салыстырғанда біршама артық.

Көп кешікпей жарыс та басталды. Қатысушылардың ең бірінші сайысы “Властелин колец” деп аталды. Онда оқушылар бір-бірінің аяқтарынан ұстап, қолдарымен жүрулері тиіс. Тиісінше жерде жатқан шеңберлерді арнаулы орынға апарып, ұпай жинайды. Мұнда уақыт пен жылдамдық маңызды. Бұл кезеңде командалар барларын салып қалай да алға шығуды ойлады. Көрермендер болса өздерінің сүйікті құрамаларына тілеулес болды.

-“Динамит” құрамасының жанкүйерімін. Өйткені олардың арасында сыныптастарым бар.

-Мен “Динамит” құрамасын қолдауға келдім. Әзірге олар сенімді ақтауда. Жеңіске жетет деген сенімдемін.

Екінші сайыс – Бәйге. Ұйымдастырушылардың бұл сыны тіптен қызық. Таяқтарды атқып мінген оқушылар, межеленген жерде ілінген орамалдарды жинауы қажет. Сайыста “Динамит”, “Жеңімпаз” ұжымдары бірдей нәтиже көрсетті.

Үшінші кезеңде өте мұқит болу керек. Өйткені, кедергілерге допты тигізбей, белгіленген қашықтықты өту талап етіледі. Содан соң әріптесіңе кезекті тапсырасың. Осылайша барлық ойыншы өз міндеттерін толық орындаулары тиіс. Бұл сында да “Динамит” командасы жеңіңмпаз атанды.

-Жарыстың үшінші кезеңінен кейін 14 ұпаймен “Динамит” құрмасы алда келеді. Ал, бұл жерде тартыс қыза түсті. Қазір командалар қоржындарын ұпаймен толықтырмақ.

Осыдан соң балғындар “Кенгуру” сайысында сынға түсті. Жарыс ережесіндегі тапсырма біраз қатысушыға қиындық тудырды. Бірі шар арқылы дұрыс секіре алмаса, енді бірі жүгіруде қарсыласына есе жіберді.

Назым Уақпаев – “Мен жеңімпаз” құрамасының ойыншысы, Мамлют қаласы:

-Жарысқа жақсы дайындалдық. Дене шынықтыру сабағында жүгіріп- секірдік. Мұғалімдеріміз бізге өздерінің нұсқауларын беріп, бәрін түсіндірді.

Дегенмен спортта өзіңнің басымдығыңды аздаған секундтар ішінде жоғалтып алуға болады. Бұл үрдіс біздің жарыста да қайталанды. Барлық конкурста жақсы өнер көрсеткен “динамиттік” ойыншылар қателікке бой алдырып “жеңімпаз” құрамасына бірінші орынды сыйға тарты. Жүлгерлерге дипломдар табысталды.

Култанов Байболат