Ауыл шаруашылығы

Есіл ауданында “Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020” бағдарламасына жүгінушілер саны артып келеді

Ыбырай Ошанов – Явленка ауылының тұрғыны, Есіл ауданы:

-Бұл бағдарлама жайында газеттер мен теледидарлардан көрсетіп жатыр. Соны естіп, өзім жұмыссыз болғандықтан аудандағы жұмыспен қамту орталығына бардым. Онда несие берілетіндігі айтылды. Мұның бір жақсы жері, алты айға дейін еш нәрсе төлемейсің. Одан кейінгі бір жылда пайызын немесе негізгі қарызды өтеуге болады.

Үстіміздегі жылы Есіл ауданында Ыбырай Ошанов секілді тағы 16 тұрғын мемлекеттік бағдарламаға жүгініп, өз ісін бастап кеткен. Есіл аудандық жұмыспен қамту орталығы аталмыш жоба “жұмыс істеп, пайда көремін” деген тұрғындарға зор көмек дейді.

Данияр Қазбаев – Есіл ауданы жұмыспен қамту орталығының басшысы:

-“2015 жылы “Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020” бағдарламасының екінші бағыты – “ауылдық жерлерде бизнесті дамыту” бойынша ауданда 17 заем берілді. Алынған қарыз сомасы 31 миллион теңгені құрайды. Оның 14-і мал алуға, 2-уі автокөлік тасымалдауға, ал 1-уі пеноблок дайындайтын цехты іске қосуға алынды.

Айта кетейік, қарыз алушының кепілге қоятын жылжымайтын және жылжымалы мүлкі болуы шарт.


 

Бакыт Садуакасов