МТРА жаңалықтары

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Петропавл қаласындағы бірқатар нысандарды аралады

Күннің бірінші жартысында спорт сарайының ішін аралап шыққан вице-министр ғимараттың өртке қарсы жабдықталуын, өзге де техникалық сипатын байқады. Артынша Сампо Азия комбайндарын құрастыратын компанияға аялдап, техниканың қауқары жайында біраз мәлімет алды. Жыл басынан “Казтехмаш” ЖШС-гі 31 комбайн құрастырып, соның 22-сін өңір агроқұрылымдарына өткізген.

Ерік Сұлтанов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

-Мұнда құрастырылатын комбайндар сағатына 85 гектар жердегі астықты жинауға қауқарлы. Онымен қоса ылғалдылығы 28 пайызды құрайтын егінді оңайлықпен тере алады. Алда біз Петропавл ауыр машина жасау зауытында комбайннның дестелегішін тасымалдауға арналған арбаның /тележка/ үлгісін жасап шығармақпыз.

Ал мынау Динамо стадионындағы спорт залы. Өңірдің тәртіп сақшылары кәсіби даярлықтарын үнемі осында шыңдап тұрады. Нысан уақытша күрделі жөндеу жұмыстарына жабылыпты.

Бұдан кейін ҚР ІІМ орынбасары облыстық ТЖД-інің жедел-құтқару жасағы” ММ-де болды. Сүңгуірлер, кинолог, медициналық қызметкерлер мен психологтар. Биыл мұнда диспетчерлік қызмет пен радиациялық және химия-биологиялық қорғау қызметтері ашылды. Осында барлығы 6 құтқарушы бөлімшесінде 54 адам еңбек етуде. Владимир Божко жаңа ашылған қызметтің жұмысын жетілдіріп, техниканың санын арттыруды жүктеді. Вице-министр кейін облыстық ТЖД-нің бас штабында
құтқарушылармен жиын өткізді. Онда тиісті мекеме басшылары қыс мезгілінде орын алатын оқыс оқиғаларға даяр екендігін жеткізді.

Былтыр өзге аймақтарда жолаушылар жолда қалып, ауыл мен аудандарды жалғайтын жолдар апта бойы қардан аршылмаған. Осыған биыл мұқият болып, төтенше жағдайлар тіркелсе тұрғындарға дер кезінде көмек көрсетілуі тиіс деді Владимир Божко. Жалпы республиканың бас құтқарушысы осы күні өңірдегі 6 нысанда болды.


 

Берик Касен