Білім

Петропавлдық жас суретші халықаралық дәрежедегі байқауда жүлделі атанды

Жалпы, жас суретшілер сайысына Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан елдерінен 500-ден астам өнерпаз өз жұмыстарын ұсынған. Оның арасынан жүлделі орындарды лайық деген 9 суретші иеленіпті. Кәмиланың салған туындысы көптің арасынан көзге түсіп, 3-ші дәрежелі дипломға ие болды.

Кәмила Төкенова, “ЮНЕСКО клубы” көркемөнер лицейінің тәрбиеленушісі:

-Өз жұмысымда үйімді, туған жерімді көрсеткім келді. Мен оны гүлденген ағаш түрінде бейнеледім. Жан-жағына еліміздің тыныштығын білдіретін тұнық көлді, төбесіне бұлтсыз ашық астанды салдым. Ол үшін екі айдан артық уақыт жұмсалды. Ал, байқаудың марапаттау рәсімінде әр елден келген суретшілермен таныстым.

Талантты қыздың еліне деген сүйіспеншілігі бейнеленген ерекше еңбегі байқауда жүлделі болған өзге де авторлардың суретімен бірге мына альбомға енгізілген. Өнер иесі халықаралық дәрежедегі алғашқы жүлдемді алуыма ұстазымның қосқан үлесі зор дейді.

Татьяна Никитина, “ЮНЕСКО клубы” көркемөнер лицейінің оқытушысы:

-Кәмилаға екі жылдан бері сабақ беремін. Оқушым әрқашан ізденіп жүреді. Өте еңбеққор. Халықаралық дәрежедегі конкурсқа сурет салу барысында бірлесіп еңбектендік. Ерекше туынды ұсынғымыз келді. “Өмір ағашы” картинасы жүлделі үштікке ілікті дегенде қатты қуандым. Оқушым болашағынан зор үміт күттіреді. Танымал суретші болатынына сенемін.

15 жастағы суретші қыз мектепті бітіргеннен кейін де шығармашылығын жалғастырып, ересектер арасындағы түрлі сайыстарға қатысуды жопарлап отыр.

 

 

Акбопе Танирберген