МТРА жаңалықтары

Айыртау ауданының Қарасай батыр ауылында жаңа мешіт ашылды

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

 

-Құрметті айыртаулықтар, сіздерді Қарасай ауылында бой көтерген жаңа мешіттің ашылу салтанатымен құттықтаймын. Еліміздегі дін саласындағы сясат алдымен тұрақтылықтық пен татулық конфессияаралық келісімге бағытталған. Тәуелсіздікпен бірге келе жатқан дәстүрімізге деген құрмет арта түсті. Ал Ағынтай мен Қарасай батырлардың жерінде жаңа мешіттің бой көтеруі біздер үшін қуаныш.

Ержан қажы Маямеров – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, ҚР бас мүфтиі:

-Бүгінде Алланың жердегі үйі еліміздің түкпір-түкпірінде ашылып жатыр. Сіздердің аулдарыңызда да торқалы тойы болып жатыр. Құтты болсын. Бар жақсылықты тілеймін.

Аз уақыттың ішінде бұл діни орынның бой көтеруіне “Қаз экспорт астық холдингі” АҚ директорлар кеңесінің төрағасы және ҚР Еңбек ері Руслан Молдабеков демеушілік етсе, нысанды тұрғызумен «Колорит-Строй» ЖШС айналысқан. Жаңа мешіттің таспасын өңір жетекшісі мен еліміздің бас мүфтиі Ержан қажы Маямеров қиды. Ғимараттың ішін аралап көрген қонақтар бата-тілектерін жеткізіп, дұға бағыштап, қол жайды.
Бұл күні ауыл мешітінің ішін тамашалап, аллаға құлшылық етемін деушілердің қатары қалың болды.

-Ауылымызда үлкен мереке. Мешіттің ашылғанына қуаныштымыз. Бәріне рахмет.

-Мешіт ашылды. Біз үшін бұл үлкен сый. Енді мұнда біздер жиі келіп тұрамыз. Жас ұрпақтың да иманды болуына септесетіні сөзсіз.

Тұрғызылған мешіт мұнарасының биіктігі 11 метрді құрайды. Ерлер залында бір мезгілде – 75, ал әйелдер арналған бөлмеде 25 адам намазға жығыла алады. Айту керек, бұл өңіріміздегі 67-ші діни орын болып тіркелді.


 

Айгерим Ержанова