Білім

Жерлес педагогтар ресейлік әріптестерімен төлекөпір арқылы тілдесті

Ресейлік оқытушылар өз кезегінде Санкт-Петербор қаласындағы А.И.Герцен атындағы мемлекеттік университетінде білікті мамандарды дайындау жүйесін түсіндіріп өтті. 1797 іргесі қаланған білім ордасында заман талабына сай оқу-үрдісі жүргізілетіндігі айтылды. Шекаралас елдермен әріптестік орнатып, тәжірбие алмасу біздер үшін маңызды дейді филология ғылымдарының кандидаты Мархаба Қуантаева.

Мархаба Қуантаева – “Өрлеу” БАҰО” АҚ филиалы СҚО бойынша БАИ директорының орынбасары:

-Телекөпірдің өзектілігі Назарбаев мектебіндегі оқыту жүйесін басқа мектептерге тарату болып табылады. Шарадан ресейлік, сондай-ақ солтүстікқазақстандық педагогтар болсын болашақ мамандарды дайындауда өздерінің айқын жоспарларын құрмақ.

Телекөпірді тамашалауға келгендердің қатарында Зухра Ауғанбаева да бар. Нәзік жанды талай жылдардан бері шәкірт тәрбиелеп келеді. М. Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі биыл республиканың “Үздік педагогы” төс белгісімен марапатталған болатын. Алайда, жауапты істі мойнына артқан ұстаз үшін білімін толықтыра түсу арттық етпейді.

Зухра Ауғанбаева – М. Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі:

-Қазіргі таңда білім беру жүйесі біршама өзгерістерге ұшырауда. Біздер ұстаздар үшін бұл үлкен жауапкершілік. Себебі, заманнан қалмай шәкірттерді тәрбиелеп жетілдіру – біздерге жүктелген үлкен міндет.

Алдағы уақытта “Өрлеу” біліктілікті арттыру орталығының мамандары қорғандық әріптестестерімен телекөпір ұйымдастырмақ.

 

 

Култанов Байболат