Қылмыс

Петропавлда такси көлігінен 40 келіге жуық есірткі заты табылды

Любовь Компанец – СҚО ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының инспекторы:

-Қаланың орталығы Жабаев-Бөкетов көшелерінің қиылысында «Фольксваген Пассат» маркалы такси көлігін тоқтаттық. Машинаның артқы бөлігінде Тәжікстан Республикасының азаматы отырды. Автокөлікті тінту барысында гашиш толы екі спорттық сөмке алынды. Оның жалпы салмағы – 39 келі.

Бұл жыл басталғалы бері өңірде тәркіленген есірткінің ең ірі партиясы болып саналады. Қара базардағы бұл мөлшердегі гашиштың құны- 120 мың АҚШ долларына бағаланады. Тәртіп сақшылары сезікті гашишты өңіріміз арқылы Ресейге алып өтпекіші болды деген жорамал айтуда.

Задержанный:

-Я ехал на такси. По дороге такси остановили и задержали меня.

– За что задержали?

– В такси было две сумки. В сумках находился гашиш.

– Откуда у вас гашиш?

– Меня попросили передать. Сожалею конечно. Неправильно делал. Нельзя было так.

Қазргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. ҚР Қылмыстық Кодексінің 297 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жалпы жыл басынан бері облысымызда 318 келіден астам есірткі заты тәркіленген.

 

 

Магжан Ахмадина