МТРА жаңалықтары

Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде жемқорлықпен күрес жөнінде жиын өтті

Нұрсұлу Көбенова – СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің аға инспекторы:

-Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті мемлекеттегі басым бағыттардың бірі деп атап өткен болатын. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев 2015-2025 жылдарға арналған ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны қабылдады. Және осы бағытта біз жеке құрам мен түзету мекемелерінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырамыз.

Жиында жемқорлықтың алдын алуға арналған құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығы айтылды. Ағымдағы жылы “Нұр Отан” партиясының облыстық филиалының қоғамдық қабылдауына тұрғындардан 250 өтініш келіп түскен. Арасында сотталғандардың туған-туыстары да талап-тілектерін білдіретін көрінеді.

Артур Молдағұлов – “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

-“Нұр Отан” партиясының облыстық филиалы өңірдегі барлық мемлекеттік мекемелермен тығыз әріптестік қарым-қатынас орнатты. Тұрғындардың басым көпшілігімен қоғамдық қабылдауларда жүздесіп, туындаған мәселелерін барынша шешуге ат салысып келеміз. Шағымдардың арасында сот шешімімен келіспейтіндер де кездесіп жатады. Әрине, біз қолдан келгенше оларға заң тұрғысынан кеңестер береміз.

Жиын соңында “Нұр Отан” партиясының жергілікті филиалы мен облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

 

 

Бакыт Садуакасов