Денсаулық сақтау

Облыстық балалар ауруханасына жаңа құрылғылар алынды

Анастасия Козлова:

-Осыған дейін бала туғанда орталықта тексерген. Бүгін де міне дәрігердің қаралуында болдық, барлығы жақсы деді. Дәрігер бізді жаңа құрылғымен бақылады. Балам қорыққан жоқ. Барлығы тез өте шықты.

Бұл алынған құрылғылардың бір парасы ғана. Ол есту мүшесіндегі аурулардың алдын алуға, яғни скринингтік тексерістерге арналса, келесі аппарат тоналды аудиометр деп аталады. Ол есту кемістігінің деңгейін анықтауға көмектеседі. Бұл құрал балғындар жасына байланысты екіге бөлінеді. Яғни, ол кішкентай және 6 жастан асқан балаларға қолданылады. Мұның көмегімен тағы есту аппараттарының жұмысын реттеуге болады. Лор кабинетіне алынған қондырғылар кешенінің ішіне импедансометр де кіреді.

Виталий Никулин – Облыстық балалар ауруханасының сурдолог- дәрігері:

-Ол ортаңғы құлақ жұмысын тексеруге көмектеседі. Есту жолдары, дабыл жарғағы, ортаңғы құлақ қуысы және сыртқы есту түтігінің жағдайы зерттеледі. Ал КСВП аппараты есту кемістігінің себебін анықтауға мүмкіндік береді. Оның көмегімен тек балалардың ғана емес, ересек адамдардың жағдайын тексеруге болады.

Осындағы сурдологиялық орталықта бұрын тек аудиометр болған. Енді олардың қатары тағы 4 жаңа құралмен толықты.

Олег Завьялов – Облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері:

-Жергілікті бюджет есебінен биылғы жылы бізге есту мүшесіндегі ауруларды анықтауға мүмкіндік беретін құрылғылар кешені алынды. Оның құрамына дерттің алдын алуға, деңгейін және тағы бірқатар көрсеткіштерді анықтауға мүмкіндік береді. Европалық сапалы құрылғы, дәрігерлерге барлық әлемдік стандарттарға сай тексерісті өткізуге септеседі. Оның құны – 8 млн теңге.

Жалпы сурдологиялық орталық емханада 2013 жылдан бері жұмыс істейді. Қазір мұнда 4 маман еңбек етеді. Емдеу орнында күніне 10-15 бала тексерістен өткізіледі.

 

 

Магжан Ахмадина