Аптадағы маңызды жаңалықтар

«Мұнаймаш» АҚ жаңа өнім түрін шығаруда

Заир Халитов – «Мұнаймаш» АҚ операторы:

-Мұнда жұмыс істеу қызықты. Өзіме ұнайды. Жұмысшыларға жақсы жағдай жасалған. Тапсырыстар жеткілікті. Сондықтан, жалақыны уақытылы береді. Үнемі жаңа құрылғылар алынып тұрады. Ол шаруаны жеңілдетеді. Жалпы әр құралды сапалы орындауға тырысамыз.

Бүгіндері кәсіпорын жасайтын сорғылар мұнай саласындағы еліміздің алпауыт компанияларына жеткізіледі. Кәсіпорын шағаратын тауарлар көршілес Ресейге де экспортталады. Қазіргі таңда теріскейде жасалған қондырғылар Пермьге жөнелтілуде. Келешекте тағы Түменмен әріптестік орнату көзделген. Биылғы жылдың тағы бір жаңашылдығы, зауыт жаңа өнім түрін шығара бастаған. Енді мұндағылар темір жол саласына қажетті гидравликалық ауытқуларды тоқтатуға арналған құралдар дайындамақ.

Сергей Ерофеев – «Мұнаймаш» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

-Бұл өнімдердің алғашқы партиясын жасап шығардық. Ол сынақтан өткізіліп, оң баға алды. Биылғы жылы біз ұзақ мерзімді келісімшартқа отырдық. 2019 жылға дейін тапсырыстармен қамтылдық.

Қазір кәсіпорында 155 адам жұмыс істеп жатыр. Мұндағы орташа жалақы 124 мың теңгенің маңайында.

Магжан Ахмадина