Спорт

“Қызыл-Жар СК” командасы ақтаулық “Каспийге” есе жіберді

Бұдан кейін жерлестеріміз жіберген есені қайтаруға аттанды. Бірнеше өткір шабуылдар жасап, алыстан жойқын соққылар бағыттағанымен қарсылас команданың қақпашысы Нұрлыбек Аязбаев әлсіздік танытар емес. Қорғаныстан ұтымды шыққан қонақтар жауап қайтаруға кірісті. Бұл жолыда каспийліктердің айы оңынан туды. Жартылай қорғаушы Владимир Вяткин кезекті голды соғып, есепті еселей түсті.

Таблодағы есеп 0-2. Мұндай жағдай бұл маусымда жерлестеріміздің үйдегі өткізген кездесуінде әлі тіркелмеген болатын. Ызаға булыққан спортшыларымыз каспийліктерді қыспаққа алды. Бірнеше өткір шабуыл жасағанымен, қонақтар қателікке бой алдырар емес. Дегенмен де айып алаңының ішінде ойын тәртібі бұзылып, төреші 11 метрлікті нұсқады. Пенальти.

Осылайша ардагер футболшы Али Алиев жас қақпашыдан айласын асыра алмады. Ал бұл қарқында алғашқы 45-минуттық та өз мәресіне жетіп, ойыншылар үзіліске 0-2 есебімен тарасты.

-Команда міндетті түрде жеңіске жету қажет. Өйткені, спортшыларымыз үйдегі кездесулерінде ұтылып көрмеген.

-Менің ойымша футболшылар екінші таймда қызықты ойын көрсетеді. Жеңіске жетпесе де кездесуді тең аяқтау қажет. Өйткені, үйде ұтылуға болмайды.

-Мен біздің команданы соңына дейін қолдаймын. “Қызылжар”, алға.

Ал келесі таймда қонақтар енді шабуылға емес қорғанысқа көп басымдық берді. Себебі, қолда тұрған жеңісті уыстан шығармау керек. Фомичев шәкірттері болса өз шабуылдарына қарқын қосып, жойқын соққылармен Нұрлыбек Аязбаев қорғаған қақпаны нысанға алды. 90 минут бойы әлсіздік танытпаған қақпашының ақыры осал жері табылды. Ойынға тыңнан қосылған жартылай қорғаушы Ельмар Нәбиев кездесуге қосылған 4 минуттың ішінде қызылжарлықтардың жалғыз голын соқты.

Осылайша бұл маусымда үйдегі кездесулерінде жеңіліс таппаған жерлестеріміз 1-2 есебімен ақтаулық “Каспийге” есе жіберіп алды.

Эльмар Нәбиев – “Қызыл-Жар СҚ” ФК жартылай қорғаушысы:

-Ойынға жеңіске деген жігермен шықтық. Жанкүйерлердің, сонымен қатар қала тұрғындарығына қуаныш сыйлау ойымызда болған. Бірақ бұл фубол. Каспий командасы осалдардың қатарынан емес. Жас ойыншылардан жасақталса да, өте шапшаң әрі шымыр. Көп қателіктерге бой алдырдық. Салдарынан екі гол жіберіп алдық. Әрине жүктелген тапсырманы орындай алмағанымыз үшін барлығынан кешірім сұраймыз.

Енді бұл жеңілістен кейін жерлестеріміз турнирлік кестеде 46 ұпаймен 4-ші орынға тұрақтады.

 

Риат Шони