Ауыл шаруашылығы

“Петерфельд Агро” ЖШС сүт кешені күніне 10 тонна ақ алады

Александр Фомичев – “Петерфельд Агро” ЖШС басқарушы директоры, Қызылжар ауданы:

-Биыл 363 бас асыл тұқымды тайынша саттық. Тағы осы жылы облыстағы ұсақ қожалықтар бізден 170 бас асыл тұқымды бұқа алды. Одан 123 миллион теңгенің маңайында пайда түсті. Ал сүтті өткізуден күніне 700 мың теңге табыс тауып отырмызМен мына компьютерден сиырларды сауу үрдісін бақылаймын. Желіде әр сиыр туралы ақпарат көрсетіліп тұрады. Күніне ірі қара шамамен 18 литр ақ береді.

Серіктестіктің сауын кешені заман талабына сай жарақталған. Бұл жерде 3 сағат ішінде 500 сиыр сауу апаратынан өтеді. Бұл үрдісті қадағалауға 3 сауыншы жауапты. Ал польшалық қондырғының дұрыс жұмыс істеуі тәжірибелі қызметкер Серік Майлиннің мойнында.

Серік Майлин – “Петерфельд Агро” ЖШС сүт кешенінің меңгерушісі, Қызылжар ауданы:

-Мен мына компьютерден сиырларды сауу үрдісін бақылаймын. Желіде әр сиыр туралы ақпарат көрсетіліп тұрады. Күніне ірі қара шамамен 18 литр ақ береді.

Сүтті бағыттағы ірі қараны күтіп-баптауды оң жолға қойған шаруашылықтың мемлекеттік бағдарламаларды да мейлінше тиімді қолданып келе жатқан жайы бар. Биылғы жылы серіктестік “Агробизнес 2020” бағдарламасы арқылы 6 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алған.

Нұрлан Абдилов – “Петерфельд Агро” ЖШС атқарушы директоры, Қызылжар ауданы:

-Мемлекеттік қоллдаумен телескопиялық жүк артқышты сатып алдық. Тағы трактор алдық. Оған қоса бірнеше жем-азық тарататын техникаларды да алып отырмыз. Мемлекеттің қолдауын сезініп келеміз. Осының арқасында жарты бағасын төмендетті. Ол жақсы көмек.

Қазірде серіктестікте сиырларды ұстауға арналған кешеннің құрылысы жүргізілуде.


 

Бакыт Садуакасов