МТРА жаңалықтары

“Нұр Отан” партиясының өкілдері “Береке” ықшам ауданындағы жаңа үйлердің жай-күйімен танысты

Рада Бондаревич:

-Осыған дейін біз пәтер жалдап тұрдық. Өте қымбатқа түсетін. Ал жылдың басында аумағы 64 шаршы метрді құрайтын жаңа пәтерге көштік. Соған қатты қуаныштымыз. Үйміз бірінші қабатта орналасса да жылы. Ыстық және суық суымыз бар. Көршілермен де араласамыз.

Мұндай тексеріске нұротандықтар жиі шығып тұрады. Мәселен, жуырда олар қолданысқа тапсырылған жаңа үйлердің жағдайын бақылау мақсатымен Аққайың және Тайынша аудандарында болып қайтты. Ал осы рейдтік шарада 10 адамнан құралған комиссия облыс орталығының бірнеше пәтерін араламақ ниетте.

Ақжүніс Мұсырман – «Нұр Отан» СҚОФ партиялық бақылау жөніндегі инспекторы:

-Жалпы дәл осындай тексерісті аудандарда да жүргіздік. Тұрғындармен жүздесіп, тілдестік. Жаңа үйдің жай-күйімен таныстық. Бұл осы рейдтің басты мақсаты.

Сондай-ақ, тексеріс барысында комиссия назарынан мердігер компания өкілдері жіберген қателіктер де тыс қалмады.

Гүлжан Салықова – «Нұр Отан» СҚОФ саяси жұмыс бөлімінің басшысы:

-Бұл үйде мүмкіндігі шектеулі жандар тұра алмайды. Өйткені, мұнда жарымжандарға арналған өткелдермен өту мүмкін емес. Мәселен, мұна пандусты айнала қоқыс жәшігі мен орындық тұр. Құрылысшылар бұл жайды ескермеген.

Бұл рейдтік іс-шарада комиссия мүшелері 300-ге жуық пәтер иесімен жүздеспек. Кейін жасалған қорытынды облыс әкімінің назарына ұсынылатын болады.

 

 

Айгерим Ержанова