Қоғам

Петропавлдықтар бір-біріне кітап сыйлады

Инна Синчук – қала тұрғыны:

-Мен бұл жерге күннің ертесімен келдім. Қазір көпшіліктің қандай кітап әкелгендігін қарап жүрмін. Әзірге, өзіме таныс емес туындыны кездестірген жоқпын. Сөреге қойылған кітаптардың барлығын оқыған сияқтымын. Дегенмен, үйге бәрібір жаңадан баспа еңбегін алып қайтамын.

Кітап оқуды сүйетін теріскейліктер аталмыш күнді 2013 жылдан бастап өткізіп келеді. Дәстүрлі шара жылдың көктем, күз айларында ұйымдастыралады екен. Жерлестерімідің көркем әдебиет, фантастика, поэзия жанрындағы еңбектерге деген қызығушылықтары басым болса керек.

Жұлдыз Сексенова – кітап сыйлау күнін ұйымдастырушы:

-Кітап сыйлаушылар күні тұрғындар өздері оқып бітірген және мазмұны ұнамаған туындыларын әкеледі. Сосын міндетті түрде қанша кітап әкелдің соншасын үйіне әкету – шараның басты міндеті. Біз осылайша жерлестерімізді әдебиет оқуға деген қызығушылығын аттырғымыз келеді.

Шара соңында кітап десе ішкен асын жерге қояр теріскейліктер өздеріне қызығушылық танытқан еңбектерін тауып, көңілді тарасты.

Култанов Байболат