Өнеркәсіп

Өңірдің кәсіпорындары отандық шикізатқа басымдық беруде

Серіктестікте 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Әрбіреуі еңбек өтілі мен мамандығына сай жалақы алады. Мұнда көршілес Бәйтерек, Белое сынды жақын маңдағы ауылдар мен қаладан келіп жұмыс істейтіндер де бар. Сайран Осипов – кәсіпорында тәжірибелі мамандардың бірі. Еңбек өтілі 7 жылды құрайтын электр дәнекерлеушінің жалақысы жаман емес. Ол қазір бетон араластырғыш машинаның ыдысын отандық шикізаттан құрастыруда.

Сайран Осипов – “Dostar new” ЖШС дәнекерлеушісі, Қызылжар ауданы:

-Темірді дәнекерлеймін де басқаларына беремін. Олар сырлап, темір жақтауларға орнатылады.

Зауыттағылар пайдаланатын шикізаттың 60 пайыз үлесі отандық маңызға ие. Шеберлер темір-тесектерден “БСУ-30” және “БСУ-50”
бетон зауытын да жинақтайды. Стационарлық алып қондырғы 1 сағаттың ішінде 30 немесе 50 куб бетонды араластырып шығуға қауқарлы. Компаниядағылар көктем айында эксперименталды түрде
жылжымалы 20 кубтық бетон зауытын құрастырып көрмекші.

Әлібек Мұхамадиев, “Dostar new” ЖШС бас инженері, Қызылжар ауданы:

-Зауытта барлығы 20 аталымдағы өнім түрі шығарылады. Өнімді Қазақстанның барлық аймағына жөнелтеміз. Бетон зауыты мен араластырғыш машиналарға 6 айдан 1 жылға дейін кепілдік береміз. Қондырғыдан ақау шықса сервистік қызмет көрсетеміз. Бұдан бөлек біз тұрғындардың тапсырысын орындаймыз. Ауыл шаруашылығына арналған агрегаттардың саймандарын білдекпен қашап шығарамыз.

Жыл басынан бер серіктестіктегілер 80 дана бетон араластырғыш машина мен 3 бетон зауытын құрастырыпты. Осылайша компанияға 60 млн теңгенің кірісі түскен.

 

 

Берик Касен