Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов құрылысы жүріп жатқан балабақшалармен танысты

Жалпы бұл мектепке дейінгі білім ошағы 280 орынға шақталған. Жеке балабақшаның құрылысына кәсіпкерлер 800 млн теңгеге жуық қаржы бағыттапты.

Сергей Копотилов – “Титан – Север” ЖШС директорының орынбасары:

-Жалпы құрылыс алаңы – бір гектар. Бүгінге дейін барлық құрылыс-жинақтау жұмыстары аяқталды, электр және жылумен жабдықтау желісі, сонымен қатар кәріздік жүйелер қосылған.

Жыл соңына дейін облыс орталығында қолданысқа тағы екі балабақша тапсырылмақшы. Оның біреуін “Севказэнерго” компаниясы салуда. Мектепке дейінгі білім беру ошағы бірден 320 балғынға өз есігін айқара ашпақ. Ал, Исмаилов көшесі 9 мекен жайындағы балабақшаға 42 кішкентай петропавлдық баратын болады. Мұнда “СК-Пилон” құрылыс фирмасы жұмыс істеуде. Сондай-ақ, Ерік Сұлтанов Рижская көшесіндегі 200 орынға арналған балабақшаның құрылысымен танысты.

 

Риат Шони