МТРА жаңалықтары

Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде жаңа салымшыларға арналған акция өтеді

Бахтияр Темірғалиев – қала тұрғыны:

– Болашаққа деген үлкен жоспарым бар. Соның ішінде жеке үйімнің болғаны. Алғаш рет осы банк туралы ата-анамнан естіген едім. Менің ойымша, басқа банктерде мұндай шарттар мүлдем жоқ. Бұл осы банкті өзгелерінен ерекшелендіреді.

Бүгінде қаржы институты клиенттерге бірнеше қызмет түрін көрсетіп келеді. Негізінен ел тұрғындары банктен тұрғын үй сатып алуға және жөндеуге төмен пайызбен заем ала алады. Сондай-ақ, жерлестеріміздің “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен” жинақтау депозитін ашуға да мүмкіндіктері бар. Артықшылығы, салымшының жиған-тергеніне жылда 20 пайыз мөлшерінде мемлекеттік сыйақы қосылады.

Райхан Әбдірахманова – «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ СҚОФ директоры:

– Біздің қаржы институты екі мемлекеттік бағдарлама бойынша жұмыс жасап келеді. Өзге банктерден ең басты ерекшелігіміз, ол – пайыздық мөлшерлеменің төмендігінде болып отыр. Жерлестерімізге жағымды жаңалықтарымыз да бар. Қазанның 31-нен қарашаның 7-і аралығында депозит ашқан тұрғындарға арнайы сыйлықтар таратамыз.

“Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ-ның өңірлік филиалында бүгінде 18 200 салымшы бар.

 

Бакыт Садуакасов