МТРА жаңалықтары

Петропавлда президенттік олимпиаданың облыстық кезеңі өтті

Таудай талабы бар талантты шәкірт мектеп қабырғасында бірнеше халықаралық олимпиадаларға қатысып, өз замандастарының алдын орапты. Енді нәзік жанды бүгін президенттік сынақта бағын сынауда. Химия, биология, физика және математика сынды пәндерді жіті меңгергендер берілген есептерді шемішкедей шағады дейді оқушы.

Бақыт Қабешева – Ә.Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының оқушысы:

– Жалпы тапсырмалар аса қиын емес. Мысалы мен математика мен химия пәніне 1,5 сағат уақытымды жұмсадым.


Жалпы жаратылыстану-математика пәндері бойынша президенттік олимпиада үш кезеңнен тұрады. Бүгінгі облыстық сайыста білімін аудандық турдан сүрінбей өткен оқушылар шыңдауда.

Шекер Жандосова – СҚО білім басқармасының бас маманы:


–  Бүгінгі олимпиадаға өңір аудандарынан 300-ге жуық оқушы келіп отыр. Біздің оқушылар республикалық турда жылда жақсы көрсеткішке қол жеткізеді.

Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңінде топ жарған оқушылар қараша айының соңында Теміртау қаласында өтетін республикалық сайыста өңір намысын қорғамақ.

 

Риат Шони