Мәдениет

Петропавлда Константин Ушковтың туғанына 100 жыл толуына орай көрме өтуде

Айнұр Ахметова – СҚО тарихи-өлкетану мұражайының экскурсия жүргізушісі:

– Константин Ушков біздің мұражайымызды республикалық деңгейге танытқан бірегей тұлға. Осы көрме арқылы музейге келушілер ол кісіні жақынырақ тани алады.

Көрмені тамашалауға келгендердің қатарында Людмила Евсина да бар. Зейнеткер талай жылдар бойы Константин Ушковпен бірге қызмет атқарыпты. Нәзік жанды ғұмырының бір бөлігін жаны жайсаң азаматпен жұмыс істегендігіне қуанышты. Кейуананың айтуынша Константин Сергеевич өз ортасына сыйлы, асқан білімді болыпты.

Людмила Евсина – зейнеткер:

– Менің өмір жолым Константин Сергеевичпен тікелей байланысты. Өйткені біз ол кісімен ұзақ уақыт жұмыс істедік. Сол кездегі басшымыз тарихи жерлерді аралауды ұнататын. Біз бірлесе облыс бойынша бірнеше экспедиция жұмыстарына қатыстық. Солардың кезектісінде пілдің сүйегінің бір бөлігін таптық. Қазір жәдігер осы мұражайда тұр.

“Махаббатпен адамдарға” атты көрмені солтүстікқазақстандықтар 1 ай көлемінде тамашалай алады.

Култанов Байболат