Аптадағы маңызды жаңалықтар

Аудан орталықтарында медиатека ашу ұсынылды

Ауылдық жерлерде болса, мұндай мекеменің кездесуі тіптен сирек құбылыс. Ал, аталған медиатекада балалар мен ересектерге арналған оқу залдары, шағын кинотеатр, караоке, жиналыстар өткізетін баспасөз орталықтары, студенттер мен оқушылардың топтық және жекелей жұмыс жасауына арналған кабинеттер қарастырылған. Шетел тәжірибесінен алынған бұл жобаны бүгін солтүстікқазақстандықтарға С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың директоры Бибігүл Әбілмәжінова таныстырды. Идеяны іске асыруға шамамен 5 млн теңге қаражат керек екен.

Бибігүл Әбілмәжінова – С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры:

– Медиатека – халықаралық стандарттарға сәйкестендірілген кітапхана, жаңа көпфункционалды орталық. Бұл жастардың мәдени, рухани дамуына үлкен септігін тигізетіні сөзсіз. Мәселен, Франциядағы Помпиду кітапханасы. Бұл 8 қабатты ғимаратта мұражай, кітапхана, ақпараттық және мәдени орталықтар бар. Бастысы, барлығы тегін. Ондағы медиатека таңғы 10-нан кешкі 23-00-ге дейін жұмыс істейді. Бізге де осындай орталықтар ашу керек.

Әр аудан орталығында заманауи ақпараттық-мәдени кешен ашу жоспарын өңір кітапханашылары да бірауыздан қолдап отыр. Бірақ, бұл тақырып алдағы уақытта әлі егжей-тегжейлі талқыланатын болып шешілді. Өйткені, бұл жағдайда қаржы мен ғимарат мәселесі басты проблемаға айналып отыр.

Күләш Естанова – Қызылжар ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханасының директоры:

 


–  Медиатека ашу – бұл өте жақсы идея. Бастысы, орталықтың жастарға әкелер пайдасы молынан. Әсіресе, ауылдық жерлердегі өскелең ұрпақ үшін маңызды.

Жиында сондай-ақ, аудандарда ардагерлер кеңесін құрып, мәдениет және мұрағат мекемелерінде кәсіподақ ұйымын ашу туралы ұсыныстар жасалды.

Айгерим Ержанова