Спорт

Жерлес палуан республикалық турнирден жүлдемен оралды

Аманғали жеңістер сериясын соңғы республикалық турнирда да жалғастырды. Ақтөбе облысының грек-рим күресінен тұңғыш халықаралық дәрежедегі спорт шебері Есенғали Батырғалиевтің жүлдесі үшін ұйымдастырылған жарыста жерлесіміз үшінші орын иеленді.

Аманғали Бекболатов – грек-рим күресінің палуаны:

– Жарыстың алғашқы кезеңінде бос болдым. Сосын Ақтөбелік палуанмен күрестім. Оны айқын ұттым.

Солтүстікқазақстандық спортшы турнирда 55 келі салмақта белдесіпті. Аманғалидың сонымен қатыр биылғы жылдағы ең үлкен табысы ол – жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі. Еске сала кетсек, байрақты бәсекеде боз кілем шебері үшінші орынға табан тіреген болатын. Осы жетістігі үшін өзі білім алып жүрген СҚМУ тегін оқуға мүмкіндік алып отыр.

Аманғали Бекболатов – грек-рим күресінің палуаны:

 

– СҚМУ маған грант берді. Сол үшін қуаныштымын.

Жерлес палуандар осы демалыс күндері Ресейдің Омбы қаласына жол тартпақ. Онда спортшыларымыз халықаралық жарыста күш сынасады.

Култанов Байболат