Қылмыс

СҚО-да ерлі-зайыпты қариялар жасөспірімдер қолынан ажал құшты

Күдікті:


– Атайды арбаға салғаннан кейін, барып еден жудық. Сосын артымызда ешқандай іздің қалмағанына көз жеткізу үшін маңайды қарап шықтық. Одан соң қақпадан шығып, қартты зауыт құдығына апардық. Әжей екеуін бір шұңқырға, ал оларды сүйреп әкелген арбаны басқа құдыққа тастадық.

82 және 87 жастағы ерлі-зайыпты қариялардың жолғалғаны туралы ақпарды аудандық ішкі істер бөліміне марқұмдардың көршісі жеткізген. Мамлют аудандық ішкі істер бөлімінің жедел-тергеу тобы дереу іздестіруді бастаған.

Әсет Жукенов – Мамлют ауданы ІІБ бастығының орынбасары:

– Қарттардың мәйіттері Цезарь атты қызметтік иісшіл иттің көмегімен Мамлют қаласындағы тоқтап тұрған машина жасау зауытының маңындағы құдықтан табылды. Аталған факт бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 99 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Қазіргі уақытта ұсталған үш күдікті тергеу изоляторында. Екеуі бұзақылық бойынша полиция қызметкерлерінің есебінде тұрған ағайындылар болып шықты. Үшеуі де 15 тен 20 жылға дейін бас бостандықтарынан айрылуы мүмкін. Белдері бесіктен шықпай аюандықпен екі бірдей қартты жер жастандырған қылмыскерлердің тағдырын сот шешеді.

Акбопе Танирберген