Мәдениет

Қарттарды қолдау айлығы аясында петропавлдық 40 мыңнан астам зейнеткерге жалпы құны 46 млн. теңгенің материалдық көмегі көрсетілді

Ұлы Жеңісті жақындатуға үлес қосқан бұл жандар күн-түн демей, жастық шағын, барлық ынта-жігерін сарқа жұмсап елдің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. Сондықтан, аға буын өкілдерін мейіріміге бөлеп, құрмет көрсету – кейінгі ұрпақтың бұлжымас парызы.

Елбасымыз айтқандай, қазыналы қарттарымыз – мемлекетіміздің тірегі. Қариялар елімізде орнаған бейбітшілік, бақыт, достық, еңбектің бағасын жақсы біледі. Және бұл қасиетті ұғымдарды саналы ұрпақ ұғынып, Отанына адал болып өссе екен деп тілейді. 7 баланың әкесі, 10 немеренің атасы Бауыржан Әлібеков 25 жыл ІІО-дарында еңбек еткен. Қария өмірде мақсат қойып, талмай еңбек ету қажет дейді.

Бауыржан Әлібеков, ІІМ ардагері, зейнеткер:

– Тәуелсіздігіміздің игілікті қызығын жастар көрсін. Жастар Отанын сүйісе, егемендігіміз баянды болады. Қажымай – талмай еңбектеніңдер. Сонда мақсаттарыңа жетесіңдер.

Қарттарды қолдау айлығы аясында өткен іс-шараларға түрлі саланың өкілдері, ұйымдардың басшылығы мен кәсіпкерлер ат салысып, қарияларға жалпы сомасы 40 млн теңгенің қаржылай көмегін көрсетіпті.

Амангелді Ғазезов,қалалық ардагерлер кеңесі төрайымының орынбасары:

– Сенбіліктен 6,7 млн. тг қаражат жиналды. Қаладағы зейнетақылары төмен, тұрмыс жағдайы нашар зейнеткерлерге көмек көрсетілді.

Қаламызда 40 мыңнан астам зейнеткер тұрса, қолдау айлығы аясында солардың бірде-біреуі назарсыз қалмады дейді жергілікті ардагерлер ұйымының белсенділері.

Берик Касен