Спорт

Петропавлда өндіріс ұжымдары арасында спартакиада өтті

Рариса Дедова – зейнеткер:


–  Мен шахматты 4-ші сыныптан бастап ойнаймын. Сондықтан, тәжірбием мол деп айта аламын. Қарсыласыммен бұған дейін бірнеше мәрте кездескенбіз. Солардың барлығында жеңіске жеттім. Бүгінгі кездесу де мен үшін оңай болды.

Ал, мынау залда үстел теннисінен жарыс өтуде. Қырағы да жылдам спортшылар бір-бірімен өзара бақ сынасуда.

–  Үстел теннисі ауыр жүк көліктерін құрастырушылардың инсульд, инфаркт ауруларына шалдықпауларына көмектеседі. Яғни, бір мезгіл ракетка мен шарикті ермек етсеңіз деніңіз сау болады деген сөз.

Он төртінші “Денсаулық” спартакиадасында өнер көрсетушілердің арасында Владимир Лагутцев та бар. Ер азамат Петропавл ауыр машина жасау зауытының атынан келіп отыр. Аталмыш кәсіпорынның жабдықтау бөлімі басшысының орынбасары үстел тенисінен әуесқойлар арасында облыс чемпионы екен. Осы жарыста өзінің шеберлігін шындап жеңісті жолын жалғастырмақшы.

Владимир Лагутцев – “Петропавл ауыр машина жасау зауыты” АҚ жабдықтау бөлімі басшысының орынбасары:

– Мен тенниспен 13 жылдан бері айналысып келемін. Өзіме қатты ұнайды. Былтыр дәл осы жарыста жеңімпаз атанғанмын. Биыл да бірінші орыннан көрінсем деймін. Алайда, қарсыластарымның барлығы мықты екен.

Бірақ, бірінші кездесуінде тенисші жақсы ойнап қарсыласын еш қиналмастан ұтты. Жалпы дәстүрлі спартакиадаға қатысуға 30-ға тарта адам өтініш білдіріпті. Олар осы арқылы өздерінің денсаулықтарын жақсартып қана қоймай өзара әріптестік орнатпақ.

Жанат Мұхаметғалеев – Петропавл қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы:

– Қалалық өндіріс ұжымдарының қызметкерлері арасындағы спартакиада жыл сайын өткізіледі. Осы жолы біз шахмат пен үстел теннисінен жарыс ұйымдастырдық. Енді қараша, желтоқсан айларында шаңғы мен волейболдан сайыс болады. Спорттың арқасында жұмысшылар бір уақыт тынымсыз еңбектен демалып, денелерін шынықтырады.

Спартакиада соңында жеңімпаздар медаль, кубок және димпломмен марапатталды.

 

Култанов Байболат