Құқық қорғау органдары

Петропавлда науқас балаларға иппотерапия курстары жүргізілуде

Бұл – атпен серуендеу арқылы жасалатын ем. Аталған шипаны көбіне тірек-қимыл аппаратының бұзылуы, атеросклероз, бас сүйек жарақаты мен ақыл-ой жетіспеушілігі сияқты сырқаты бар жандарға ұсынылады екен. Бүгін дәл осындай терапияның бірін петропавлдық науқас балалар өңір полицейлерінің арқасында өткерді.

Самат Жүнісов – Петропавл қаласы ІІБ полиция батальонының жол-патрульдік бөлімше командирі:

– Бұл іс-шараны біз “Мен және менің полицейім” атты акция барысында ұйымдастырып отырмыз. Жалпы иппотерапияны біз жыл сайын өткіземіз. Денсаулығында кемістігі бар бала жылқымен шамамен 10-15 минутын өткізу керек. Аталмыш акция барысында біз күніне шамамен 15 баланы қабылдаймыз деп жоспарлап отырмыз.

Атпен баяу серуендегенде адам денесіне минутына 100 шайқау импульсі беріледі. Бұл бұлшық еттің қызу жұмыс жасауына септігін тигізеді. Мәселен, денсаулығында туғанынан кінәрәті бар мына балалар салт атты 10-15 минут мінгендеріне қуанышты. Өйткені, бұл олардың дертіне дауа болатынына сенеді.

Владислав Чесноков:

 


–  Иппотерапия емін мен алғашқы рет қабылдап отырған жоқпын. Бұл – осымен екіншісі. Өзіме жануарлармен тілдескен ұнайды. Әсіресе, жылқылар. Олар менің дертіме шипа болады. Туа сала дәрігерлер маған жамбас буынының шығуы деген диагноз қойған. Мамандар бұл дертті иппотерапия арқылы емдеуге болады дейді.

Айту керек, мұндай іс-шараны полицейлер жыл сайын өткізеді екен. Енді, тіпті, әр аптаның дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері де жылқы терапиясына мұқтаж науқас балалараға ем көрсетуді ұйғарыпты.

Айгерим Ержанова