Мәдениет

Жергілікті әртістер Қырғызстаннан жүлделі оралды

31 әртіс Қырғызстанның астанасында Н. Гогольдің “Ревизор” қойылымын сахналаған болатын. Олардың өнерін бірінші сыншылар бағалап, одан кейін барып әділ қазылар төрелік еткен екен. Гастрольдік сапардан оралған актерлер алған әсерлерімен бөлісті.

Дәурен Тойбазаров, С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма тетрының актері:

– Қобалжу болды. Бірақ, халықтың қолпаштауымен әрбіріміз өз рөлімізге еніп, беріліп кеттік.

Қойылымда театрдың бас режисері – Баатырбек Шамбетов басты рөлдердің бірі Антон Антоновичті сомдайды. Әртіс бұған дейін республикалық байқауда “Үздік ер адамның рөлі” аталымын жеңіп алған. Бұл жолы да дәл осы номинацияны иеленіп келіпті. Әртістің өзі көрші елдің көрермендері спектальді өте жылы қабылдады деп отыр.

Баатырбек Шамбетов, С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма тетрының актері:

– Қырғызстандық көрермен ыстық ықыласпен қарсы алды. Біз сахнаға алтыншы болып шықтық. Тіпті, қазылар да бір серпілтіп тастадыңдар деді. Бұл барлық ұжымның еңбегі. Спектальдің өзі сәтті таңдалды. Еш қателік жібермей ойнадық деуге болады.

Саяси астарлы “Ревизор” қойылымы барлық сыншылар мен қазылардың, бастысы, көрермендердің жоғары бағасына ие болыпты. Ал, аталмыш спектальді солтүстікқазақстандықтар қарашаның 24-27-і күндері кезекті рет тамашалай алады.

Акбопе Танирберген