МТРА жаңалықтары

Солтүстікқазақстандық құрылыс саласының зейнеткерлеріне көмек көрсетілді

Нина Михайлова – зейнеткер:

– немерем де мен сияқты құрылыс саласын таңдап, еңбектенуде. Өзім көп жыл бойы сылақшы болып қызмет еттім. Мына екі қолыммен қаламыздың бой көтеруіне ат салыстым. Кеңес үкіметі кезінде біз көпқабатты үйлер, дүкендер мен мектептер салдық. Біздің бригадада 12 адам жұмыс істеді.

Кезінде құрылыс саласында қызмет атқарып, қазір қалада тұрып жатқан зейнеткерлерге «Казградстрой – НС» серіктестігі ақшалай көмек көрсетуді жөн көрген. Сол себепті, компания өкілдері «Нұр Отан» партиясының филиалына барып, 5 қарт құрылысшының аты-жөнін алыпты.

Кристина Бобрышева – «Казградстрой-НС» ЖШС сату бөлімінің менеджері

 

– «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы өткізіп жатқан «Ардагерлерді ардақтайық» айлығы аясында «Казградстрой-НС» компаниясы қарияларға қаржылай көмек қолын созуды қолға алды. Берілген ақшаны зейнеткерлер өздерінің керек-жарақтарына, коммуналдық төлемдеріне жаратар.

Қарияларға мұндай көмекті компания алғаш рет ұсынып отыр. Бірақ, олар келешекте бұл игі істі дәстүр ретінде қалыптастыруды жоспарлауда. Ал бүгінгі шараға серіктестік 50 мың теңге бөлген.

Айгерим Ержанова