Құқық қорғау органдары

Облыста «Жаяу жүргінші өткелімен жүр!» акциясы өтуде

Тек «Жаяу жүргінші өткелімен жүр» акциясының 2 күнінде ғана тәртіп сақшылары белгіленбеген жерден, не бағдаршамның тиісті түсін елемеген 283 заңбұзушыны анықтаған.

Қанат Әлімжанов- СҚО ІІД жол-патрульдік полициясы батальонының командирі:

 

– Тек 26 қазан күні 144 жаяу жүргіншінің ереже бұзу фактісі тіркелді. Тағы 4 жүргізуші оларға жол бермегені және екі петропавлдық апаттық жағдайды туғызғаны үшін жазаланды. Жалпы жыл басталғалы бері жаяу жүргіншілерді соғып кетудің 70 фактісі тіркелді. Сондықтан осы шара олардың санын азайтуға бағытталып отыр. Акция аясында 62 патрульдік машина қала көшелерін тексеруде.

Бұл шара республикалық «Жаяу жүргінші, абайла!» операциясы аясында өткізілуде. Бір жұма бойы жүргізіліп жатқан шара нәтижесінде тәртіп сақшылары жолда жүру ережесін бұзған 760 адамды, тағы мас күйінде көлік тізгіндеген 30 солтүстікқазақстындықты ұстаған. Жалпы жыл басталғалы өңірде 7 мыңнан астам жаяу жүргінші ереже бұзған.

Айгерим Ержанова