Әр түрлі

Петропавлдағы ботаникалық баққа үйірінен қалып қойған бірқазан әкелінді

Александр Вдовин – ботаникалық бақтың күзетшісі:

 

– Жексенбі күні бұл құсты қала тұрғыны әкелді. Әйелі екеуі балық аулауға шығыпты. Сол кезде мына бір жас бірқазанды байқап қалған. Амалсыздан біз оны өзімізге қабылдап алдық. Енді көктемге дейін шамамыз келгенше күтіп баптаймыз.

Бірқазан – топтанып жүретін құстардың бірі. Негізгі қоректері балық болғандықтан күніне оның 3 келісін жейді екен. Айту керек, бұл құс Еуразияның оңтүстік бөлігіндегі көлемді суларды мекендеп, Жерорта, Каспий теңіздерінің оңтүстік жағалауында қыстайды. Жалпы бүгінде Қазақстанда бірқазанның саны небәрі 3 мыңнан асады екен. Бүгінде жұмыртқа жарып шыққанына 6 ай болған құстың жағдайы бірқалыпты дейді ветеринар маман.

Евгений Мищенко – ботаникалық бақтың ветеринарлық дәрігері:


–  Бұл құс үйірінен қалып қойған ғой. Басты себебі қанаттарының су болуы. Сол себепті ұшуы қиындап кеткен ғой. Бүгінде оның жай-күйі жақсы. Мұндағы жұмысшылар оған уақытылы тамақ беріп, күтуде. Ол үшін әрине қаражат та керек. Бұл біздің басты проблемамыз. Өйткені, бірқазанды тамақтандыру үшін күніне 1000 теңгеден артық ақша керек. Егер көмектесетін еріктілер болса игі еді.

Айту керек, бұл – ботаникалық бақта қалдырылған алғашы бірқазан емес. Тура осыдан 2 жыл бұрын дәл осындай құсты тұрғындар әкеп тапсырған болатын.

 

Айгерим Ержанова