МТРА жаңалықтары

Петропавл қалалық әскери гарнизонының жеке құрамы жас мамандармен толықты

 

Әскери адамының жанында қол орамалы, қызметтік төлқұжаттары мен ысқырығы болуы керек.
Бұдан кейін салтанатты жиын марапаттау рәсімімен жалғасты. Бұл күні құқық қорғау саласының 5 қызметкері лейтенант шенін тағынды. Құрметке бөленгендердің қатарында Әйгерім Әубәкірова да бар. Нәзік жанды биылғы жылы Ақтөбе заң университетінде екі айлық курстан өтіп, қалалық ІІБ анықтаушысы болып орналасқан. Қызметтік жолын жақында бастаса да Әйгерім өзінің жетістігіне қуанышты.

Әйгерім Әубәкірова – Петропавл қаласы ІІБ анықтаушысы:

– Лейтенант шенін алғандығыма өте қуаныштымын. Алдағы уақытта қызметімді абыройлы атқаруға уәде беремін.

Сондай-ақ, осы күні қалалық ІІБ жол-патрульдік полиция құрамы да 10 жас маманмен толықты. Олар жиында салтанатты түрде адал қызмет етуге Отан алдында ант берді. 24 жастағы Уәлихан Тлеужанов үшін де бұл шара маңызды. Өйткені, тепсе темір үзетін жігіт әскери қызметті бала күнінен армандапты.

Осыдан соң шараға жиналғандар мен марапатталғандарды облыстық ІІД бастығы Берік Біләлов құттықтады.

Берік Біләлов – СҚО ІІД бастығы:

– Құрметті әскери гарнизон құрамының қызметкерлері және ардагерлері! Мен сіздердің қатарларыңызға жаңадан жас мамандардың қосылуымен құттықтаймын. Олар болашақта өздерінің жұмыстарын тиянақты атқарады деп ойлаймын. Олардың арқасында қоғамдық тәртіптің бұзылмайтындығына сенімдімін.

Жиын соңы Петропавл қалалық әскери гарнизоны жеке құрамының саптық маршымен аяқталды.

Култанов Байболат