МТРА жаңалықтары

Биыл облыс аумағындағы республикалық маңыздағы жолдарды қысы-жазы күтіп-баптауға 1 млрд теңге бөлінген

 

Бұл жағдайды қар тазалаушы мекемелер ұтымды пайдаланып, жол көктайғаққа айналмас үшін көшедегі қарды жиектеріне сырып тастап, артынша тұз аралас құм себуде. Осы күні аталған іске жауапты компаниялар техника, жанар-жағармай, қажетті инертті материалдармен толық қамтылған. Мысалы, Петропавл қаласы шетіндегі мына айналма жолды “ҚазақАвтоЖол” республикалық мемлекеттік кәсіпорнының облыстық филиалының 9 жұмысшы мен сонша бірлік техника тазартуда.

Виктор Черемухин, “ҚазақАвтоЖол” РМК СҚОФ автогрейдер жүргізушісі:

– Қазір Петропавл қаласы шетіндегі айналма жолды тазалаудамыз. Жұмысқа таңғы сағат 6-дан кірістік. Жол тайғақ болмас үшін қарды жол жиектеріне сырып, дер кезінде тұз аралас құм себудеміз.

Облыс аумағындағы республикалық маңыздағы жолдың бір жарым мыңға жуық шақырымын қысы-жазы күтіп-сақтауға “ҚазақАвтоЖол” кәсіпорны жауапты. Биыл бұл мекемеге ел қазынасынан 1 млрд теңге бөлініпті. Компаниядағылар қаражаттың 30 пайызын осы қыста жолдарды қардан аршуға жаратпақшы.

Елубай Жуаспаев, “ҚазақАвтоЖол” РМК СҚОФ жол пайдалану бекетінің басшысы:

– Қазанның 26-сына қараған түні жерге 8-10 см қар түсті. “ҚазақАвтоЖол” РМК-ны биыл біздің өңірдегі жолдарды қалыпты ұстауға 1 млрд теңге бөлді. Қаражаттың 30 пайызы республикалық маңыздағы 1 468 шақырым жолды қардан аршуға жұмсалады. Компанияда 30 шақты техника бар. 40 пайызы жаңартылды.
Жанар-жағармай қоры жеткілікті. Қысқы мезгілге 1,5 мың тонна инертті материал дайындадық.

“ҚазақАвтоЖол” кәсіпорнының жұмысшылары бір күннің ішінде 70-тен астам шақырымды қардан аршып, 30 тонна инертті материал жұмсады.

Берик Касен